
АУЫРЛЫҚ КҮШ – жер бетіне тақау аймақтағы кез келген материалдық бөлшекке әсер ететін Жердің тарту күші (F) мен Жердің тәуліктік айналу эффектісі ескерілген ауыспалы инерция күшінің (Jауыс) геометриялық қосындысы ретінде анықталатын күш (P). Жер бетінің берілген нүктесіндегі ауырлық күші тік бағытталған, осы бағытқа перпендикуляр жазықтық – көкжиектік жазықтық болып табылады. λ және φ бұрыштары (сызбаға қараңыз) геоорталықтық және астрономиялық ендіктерді анықтайды. Jауыс = mhω2 (мұндағы m – бөлшектің массасы, h – бөлшектің жер өсінен қашықтығы, ω –
Жердің өз өсінен айналуының бұрыштық жылдамдығы) ω2 шамасы F-тен аз шама болғандықтан ауырлық күші Жердің тарту күшінен айырмашылығы аз болады. Жер полюсінен экваторға қарай жылжыған кезде Jауыс күшінің артуына және F күшінің Жердің сфералылығының ауытқуына байланысты ауырлық күштің мәні біршама кемиді; ауырлық күші экваторда полюстегі ауырлық күштен жуық шамамен 0,5% кем болады. φ және λ бұрыштарының арасындағы айырымы да кем (ең үлкені жуық шамамен λ=45° болған кезде 11′). Бөлшектер ауырлық күш әсерінен ауырлық күштің үдеуі деп аталатын g=P/m үдеу алатын болады, бұл үдеу ауырлық күші тәрізді ендік бойынша өзгереді. Дене салмағының сан мәні ауырлық күшке тең. Ауырлық күш Жер бетінде болатын барлық табиғи және техникалық құбылыстар мен үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізеді.