
АТОМАРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУ – құрамына еркін және бір немесе әртүрлі молекулалар, кристалдар енген атомдар арасындағы өзараәсерлесу. Атомаралық өзараәсерлесулер коваленттік, иондық, металдық, сутегілік және ван-дер-ваальстік түрлерге топталған. Осы аталғандардың алғашқы үшеуі химиялық байланыстар- дың себептері болса, сутегілік байланыс молекулалар ішілік және әртүрлі молекулалар арасында екі теріс электрлі атомдар арасында оң электрлі Н атомы болған жағдайда жүзеге асырылады; ван-дер-ваальстік атомаралық өзараәсерлесу молекулааралық өзараәсерлесуді тудырады. Коваленттік, иондық және метал- дық, атомаралық өзара әсерлесудің энергиясы ~102 кДж/моль, сутегілік байланыстың энергиясы ~10–50 кДж/моль және ван-дер-ваальстік энергия ~0,1–1 кДж/моль.
Коваленттік атомаралық өзараәсерлесу көршілес атомдардың жұп элек- трондарының ортақтастырылуынан туындайды. Бұл әсерлесу көбінесе алмасу әсерлесуі деп аталған. Бұл әсерлесу жай газдардың (Н2, СІ2) молекулаларының, әртүрлі қосылыстардың (Н2О, NН3), көптеген органикалық молекулалардың (СН4, Н3С–СН3) түзілуіне себепші болып табылады.
Иондық атомаралық өзараәсерлесу валенттілік электрондарды бір атомнан өзге атомға ауыстыруға және иондардың осы ауысулары нәтижесінде пайда болған электрстатикалық өзараәсерлесуді тудырған. Бұл байланыс металдар мен металойдтар қосылыстарына [(NaCI, CaCI2, AI2O3) және иондық кристалдарға NaCI, CsCI] тән.
Металдық атомаралық өзараәсерлесу таза металлдар мен олардың қос- паларының өзара байланысына және металл торында еркін қозғалатын өткізгіш- тік электрондардың болуына тәуелді. Осы электрондар металдың оң зарядталған атомдарымен өзараәсерлесіп бір-бірімен бірігеді. Осы әсерлесудің коваленттік және иондық атомаралық өзараәсерлесуден өзгешелігі бұлар оқшауланбаған әрі бағытталмаған.
Сутектік атомаралық өзараәсерлесу – электрлік теріс атомдар (электронға «туыстас» атомдар. Мысалы О, N, F) аралығында Н атом болған жағдайда пайда болады. Н атомындағы электрон протонмен әлсіз байланысқан, сондықтан электрондық тығыздық электрлік теріс атоммен араласқан. Осының нәтижесінде протон «жалаңаштанатын» болады және О… О, О…N атомдардың жақындасуына кедергі келтірмейді, осы атомдардың арасы Н-тің атомы жоқ болған кездегіден гөрі жақын бола түспек.
Ван-дер-Ваальстік атомаралық өзараәсерлесу – атомдардың электрондық қабықшаларының қайтадан жабылуы және дисперстік тартылысы салдарынан болатын тебілулердің жиынтығы. Атомдар өзара жақындасқанда қарама-қарсы бағытталған спинді атомдар бірінен-бірі тебіледі. Электрондараралық тебілулер нәтижесінде өзараәсерлесетін екі атом ядросы арасындағы кеңістіктегі электрон- дық тығыздық кемитін болады, осы жайт ядроаралық тебілулер энергиясын арттырады. Сонымен, атомдардың ван-дер-ваальстік тебілулері олардың жақында- суы кезіндегі электрондардың тебілулерінен және ядролардың электрстатикалық тебілулерінен, электрондардың өзараәсерлесулерінің салдарының жиынтығы болады. Ван-дер-ваальстік атомаралық өзараәсерлесу нақты газдардың идеал газдардан айырмашылығының себебі болған.