
АСАҚЫЗҒАН БУ – қысым дәрежесі бірдей, бірақ температурасы қаныққан бу температурасынан жоғары бу. Осы бу – күш қондырғыларында кеңінен қолданылады. Техникада асақызған бу қаныққан буды қыздыру арқылы, ал тө- менгі қысымдағы (5–6 атмосферадан төмен) асақызған бу өте жоғары қысымдағы қаныққан буды дроссельдеу арқылы алынады.