АСАЖҰҚА ҚҰРЫЛЫМ

АСАЖҰҚА ҚҰРЫЛЫМ, энергия деңгейлерінің асажұқа деңгейлерге бөлшектенуі – атомның энергия деңгейлерінің ядроның магниттік моментінің атомдар электрондарының магнит өрісімен өзараәсерлесуі тудырған жақын орналасқан кіші деңгейлерге бөлшектенуі (ажырауы). Осы өзараәсерлесудің энергиясы (σ) ядро спинінің және электрондық спиндердің мүмкін болатын өзара бағдарлануларына тәуелді болады. Осы бағдарлардың санын асажұқа құрылым- ның компоненттері (құраушылары) анықтайды. Энергия деңгейлері ядроның квадруполдік моменттерінің электрондардың электрлік өрісімен өзараәсерлесуінің нәтижесінде бөлшектенуі және араласуы мүмкін.
Асажұқа құрылымның кіші деңгейлерінің арақашықтықтары жұқа құрылым- мен салыстырғанда ~1000 есе кіші, себебі σ) энергиясы спин-орбиталық өзара- әсерлесуден ~1000 есе аз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *