АРЫН

АРЫН, г и д р а в л и к а л ы қ – берілген нүктедегі сұйық ағынының меншікті (салмақ бірлігіне қатысты) механикалық энергиясын өрнектейтін сызықтық шама. Ағынның меншікті энергиясының толық қоры (толық арын) Бернулли теңдеуімен анықталады.
Гидростатикалық арын – сұйықтың кез келген көлемінің толық потенциалдық энергиясының осы көлемдегі сұйықтың массасына қатынасы.
Жылдамдықтық арын – ағыннан бөлініп алынған сұйықтың кез келген көлемінің кинетикалық энергиясының осы көлемдегі сұйықтың массасына қатынасы.
Температуралық арын – араларында жылулық алмасу өтетін әртүрлі екі іргелес немесе орталар қабырғасымен ажыратылған (бөлінген) температура- лардың айырымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *