
АРАЛАС КҮЙ, күйлер қоспасы – кванттық-механилық жүйедегі негізгі күйден айырмашылығы бар жеке толқындық функциямен сипатталмайтын күй. Аралас күйде жүйенің күйін анықтайтын тәуелсіз физикалық жеке шамалардың жиынтығы берілмейді, тек толқындық функцияны сипаттайтын жүйенің әртүрлі кванттық күйлерін табу ықтималдықтары ғана анықталатын болады. Аралас күйдің күйлер суперпозициясынан айырмашылығы, әрқилы кванттық күйлер өзара интерференцияланбайды, себебі орташа мәнді анықтау кезінде толқындық функциялар қосылмайды, орташа мәндер ғана анықталады. Аралас күйге бөлшектердің полярланбаған шоқтары, термостаттағы газ мысал бола алады. Аралас күй ұғымының кванттық статистикада және кванттық механикадағы өлшеулер теориясында маңызы бар.