АНАПТИКСИС

АНАПТИКСИС

Анаптиксис (грек. anaptyxis – тіркеу, қосу) – фонетикалық өзгерістерге байланысты екі дауыссыздың арасында дауысты дыбыстың пайда болуы. Бұл құбылыс көбіне кірме сөздерде кездеседі. Басқа тілден енген сөздер тілге кірігіп, сол тілдің заңдылықтарына әбден бейімделіп кетуі үшін дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Анаптиксис дыбыстардың айтылуын жеңілдету негізінде туады. Мысалы: текістекст, сияз-съезд, ыстақан-стакан, тірес-трест; Сымағұл-Смағұл, Сымайл-Смайл т.б.

Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *