
Ғылымның кез келген салаларындағы әдеби тіл негізінде жасалған баяндамалар мен хабарламалар, шаршы топтың алдында оқылған дәрістер, сот үдерісіндегі қорғаушы, қаралаушы немесе айыпта лушының сөзі академиялық шешендіктің көрсеткіші бола алады. Адресанттың академиялық шешендігі сөйлемнің көркемдік және маз мұндық, сондай – ақ жаңашылдық сипатымен, қоғам тынысын ай қын ашуымен, ғылыми тұжырымдарының тереңдігімен өлшенеді. Академиялық шешендік өз бастауын халықтың шешендік өнерінен алады. Қарсыласын мойындататындай нақты дәлелдерге құрылған шешендік сөздер ұлттық ділімізді көрсетіп қана қоймай, көркем әдебиетіміздің бастауы да бола білді. Саясатқа қатысты, ел ішіндегі дауға қатысты, діни уағыздарға қатысты айтылған шешендік сөздер қолданыс орны мен мағынасына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырған. Терең ой, тапқыр қисын, ұтқыр шешімге құрылған шешендік сөздер халық ауыз әдебиетінің жемісі болса, кейін жазба әдебиеті