АКУСТИКАЛЫҚ ГОЛОГРАФИЯ

АКУСТИКАЛЫҚ ГОЛОГРАФИЯ – акустикалық толқындар арқылы зат- тардың кескіндерін шығарудың интерференциялық тәсілі. Акустикалық голографиялық зат кескіндерін шығарудың негізгі принципі оптикалық голографияға ұқсас: ең алдымен дыбыстық екі толқынның интерференциясынан пайда болған тұрғын толқындардың өрісі тіркеледі, сонан соң пайда болған акустикалық голограмма бойынша заттың бастапқы кескіні, не әлгі зат шағылыстырған шашыранды дыбыс өрісінің құрылымы қалпына келтіріледі.
Дыбыстың таралу жылдамдығы онша шапшаң болмағандықтан, акустикалық дыбыс қабылдағыштардың көпшілігі сы- зықтық (оптикадағыдай квадратты емес) болғандықтан, оптикалық голографиядағы тірек толқындарды пайдаланбауға немесе оны электр арнасында жасанды түрде ен- гізуге болады. Акустикалық голограмма- ны қалпына келтіру көзге көрінетін жа- рық сәуле диапазонындағы когерентті
Линзасыз ультрадыбыстық гологра- сәулемен жүзеге асырылады, сондықтан фия: 1 – сәуле таратқыш; 2 – акустикалық линза; 3 – зат; 4 – су құйылған ыдыс; акустикалық голограмма не амплитуда5 – жартылай мөлдір айна; 6 – қалпына сы, не фазасы өзгертілетін арнайы та- келтіруші оптикалық жүйе; 7 – кескінді
тіркеу жазықтығы сығыштарға жазылады. Тасығыштар ре- тінде фотопленкалар, термопластиктер,
электроптикалық кристалдар пайдаланылады. Акустикалық голограмманың көрінуі үшін дыбыстық өрістерді көрінерлік ету әдістері қолданылады.
Жоғары жиілікті диапазондардағы голограммаларды тіркеу (жазу) кеңістік- тік тасығыштарға негізделген, бұлар дыбыстың қарқындылығын сезгіш келеді. Кеңістіктік бедер әдісіне негізделген тәсілдер кең таралған.
Судың шағылдырушы бетіне түскен дыбыстық толқын, оны деформациялап бедер түзеді, осы бедер акустикалық голограмма болып табылады, оны жарық сәулемен жарықтағанда кескін қалпына келтіріледі.
Акустикалық голография медици- налық диагностикада қолданылады, жұмсақ ткандарды, тамырларды, ішкі ағзалардың кескіндерін көрінерлік ету мақсатында қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *