
Садовский Александр Иванович (1859 – 1921) – орыс физигі. 1898 ж. алғаш рет кристалдарға түсетін жарық толқындарының айналу әсерін негіздеген (Садовский эффектісі), айналдыру моментін есептеп анықтаған, жарық энергиясын механикалық энергияға тікелей түрлендіру мүмкіндігін дәлелдеген.