Мінездеу. Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады, өйткені әдеби образдың ерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адам мінездерінің шебер жасалуымен байланысты. Сонымен қатар, шығармада әдеби мінез жеке адамға тән сипат етіліп суреттелсе де, ол сандаған мінездердің жиынтығы және кейіпкердің өз ортасына тән, сол жағдайға лайықты, әбден екшелініп алынған мінездердің сіріндісі.
Портрет сықылды, мінездеулер ылғи бір жерде емес, оқиғаның дамуы, қаһармандардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты шығарманың әр жерінде берілуі мүмкін.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ