
Мейтнер Лизе Майтнер (1878 – 1968) – австралиялық физик әрі радиохимик. 1932 ж. жалғыз өзі алғаш болып нейтрондар әсерімен ядролық түрлендіруді жүзеге асырған. О. Фришпен бірге Ган мен Штрассманның тәжірибелеріне 1939 жылдың басында дұрыс түсініктеме берген. Бақыланған құбылысты уран ядросының екі «кесекке» бөлінуі ретінде түсіндірген, осы құбылыс үшін «бөлшектену» деген ғылыми атау енгізген. Тізбекті ядролық бөлшектену реакциясын алдын ала болжаған.