
Лихтенберг Георг Кристоф (1742 – 1799) – неміс физигі. Өз есімімен аталған пішіндерді ашқан (Лихтенберг пішіндері). Қолданысқа электр ұнтағын енгізген және 1777 ж. ксерокөшірменің негізгі үрдістерін (процестерін) ашқан. 1778 ж. «оң» және «теріс электр» деген атаулар енгізіп, оларды «+»(плюс) және «-»(минус) таңбаларымен белгілеуді ұсынған.