
АҚҚЫШТЫҚ – денелердің кернеулер әсерінен пластикалық немесе тұт- қырлық деформациялану қасиеті; тұтқырлыққа кері шамамен сипатталады. Тұт- қыр денелерде (газдарда, сұйықтарда) аққыштық кез келген кернеуде туындай- тын болса, пластикалық қатты денелерде – тек аққыштықтың шегінен асатын жоғары кернеулерде ғана пайда болады. Әртүрлі денелердің аққыштықтарын анықтайтын денелердің пластикалық немесе тұтқырлық кедергілерінің тетігі әрқилы. Газдардың аққыштығы импульстерді газ молекулаларының қозғалыста- ры басым қабаттардан ағын қозғалысы кем қабаттарға қарай тасуға байланысты туындайды.
Сұйықтардағы аққыштық диффузияның кернеулер басым әсер ететін бағытқа қарай өтуіне байланысты туындайды. Сонымен қатар энергетикалық тосқауыл арқылы өтуде қабаттас жүретін молекулалардың немесе молекулалар жұптары- ның немесе макромолекулалар тізбектерінің (жоғары молекулалы заттарда) секірісті орын ауыстыруы қарапайым актілер болып табылады. Кристалдық қатты заттардың аққыштығы әртүрлі кристалдық ақауларға: нүктелік (вакансияларға), сызықтық (дислокацияларға) және көлемдік [краудиондарға (нығыздалуға)] байланысты болады.