
АНТИФЕРРОМАГНЕТИК – Неель нүктесінен төменгі температурада атомдық магниттік моменттері антиферромагниттік реттелген заттар. Антиферромагнетиктер сыртқы магниттік өріс әсерінен әлсіз магниттеледі. Температура Неель нүктесінен жоғарылағанда магниттілігі жойылып, парамагниттік күйге ауысады. Антиферромагнетикке қатты оттегі, хром, α-марганец жатады.