АНТИФЕРРОМАГНЕТИЗМ

АНТИФЕРРОМАГНЕТИЗМ – кристалдық заттардың көрші атомдарының магниттік моменттерінің барлығының немесе бір бөлігінің кристалдың қарапа- йым ұясының (ұяшығының) қосынды магниттік моменттері нөлге тең (немесе атом моментінің аздаған үлесін құрайтын) болатын антипараллель бағыттағы магниттік реттелген күйі. Антиферромагнетизм Неель нүктесінен төменгі температурада орын алады. Антиферромагнетизмнің пайда болуына ауыспалық өзараәсерлесу себепші болған. Ауыспалық өзараәсерлесуге спиндерді (яғни магниттік моменттерді) антипараллель орнатуға әрекеттенеді. Көпшілік антиферромагнетизм – иондық қосылыстар. Металдық антиферромагнетизмде ауыспалық өзараәсерлесуге өткізгіштік электрондар маңызды үлес қосады. Ауыспалық өзараәсерлесудің антиферромагнетизмге әкеп соғатынын алғаш болып 1932 ж. француз физигі Луи Неель (1904 – ?) болжады. Температура Неель температурасынан артық болған кезде, жылулық қозғалыстың энергиясы ауыспалық өзараәсерлесу энергиясынан артады да зат парамагнетик қасиетке ие болады (парамагнетик – парамагнетизмді айғақтаушы зат). Егер температура мен Неель температурасы теңелгенде ауыспалық энергия мен жылулық энергия теңеседі де затта антиферромагнетизм пайда болады. Көпшілік жағдайда Неель нүктесіндегі ауысу 2-текті фазалық ауысу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *