АНТИБАРИОНДАР

АНТИБАРИОНДАР – бариондарға қатысты антибөлшектер. Бұлардың спиндері бүтіннің жартысына тең (фермиондар болып табылады). Электрлік зарядталған антибариондар сәйкес бариондардың электр зарядтарына қарамақарсы бариондар мен антибариондардың спиндерінің бірдей полярлануы кезіндегі магниттік моменттерінің бағыттары қарама-қарсы болады. Антибариондар мен бариондардың соқтығысуы кезінде олар бірнеше мезондарға аннигиляцияланады. Антибариондар мен бариондардың «өмір сүру» уақыты бір-бірімен үйлеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *