АНОМАЛИЯ

АНОМАЛИЯ (грекше «а… – емес, + (номос – заң, норма») – қалыпты жағдайдан ауытқу немесе бұрыннан қалыптасқан күйден өзгеру.
Ауырлық күш аномалиясы – гавитациялық аномалия дегеннің өзі.
Гравитациялық аномалия – бақылау бойынша анықталған және формула бойынша есептелген қалыпты ауырлық күштер мәндерінің арасындағы айырымы.
Магниттік аномалия – жердің магнит өрісінің бақылаулар бойынша анықталған мәнінің оның есептеліп табылған мәнінен ауытқуы.
Жарық дисперсиясының аномалиясы – толқын ұзындығының (λ) кемуіне байланысты заттың сыну көрсеткішінің (n) кемуі.
АНТИ… (грекше «анти… – қарсы…») – күрделі сөздің алғашқы бөлігінде қарамақарсылықты аңғартатын қосымшасы. Мысалы, антибариондар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *