АКУСТИКАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ МАГНИТТІК РЕЗОНАНС

АКУСТИКАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ МАГНИТТІК РЕЗОНАНС (АЯМР) – тұрақты магнит өрісінде орналасқан қатты денедегі атом ядроларының магниттік моменттерінің қайтадан бағдарлануы себепті акустикалық тербелістердің (фонондардың) энергияларын талғамды жұту. Көпшілік ядролық резонанстық жұту жиілігі 1-ден 100 МГц-ке дейінгі ультрадыбыс аймағында байқалады. АЯМР ядролық магниттік резонансқа (ЯМР-ға) ұқсас.
Фонондардың резонанстық жұтылуының табиғаты әртүрлі ішкі өзараәсер- лесудің акустикалық тербелістер мен модуляциялануы салдарынан серпімді толқындардың энергияларын ядролық спиндер жүйесіне берумен байланысты. Егер фононның энергиясы энергиялар деңгейлерінің айырымына тең болса, жиілігі (v) акустикалық тербеліс затта таралғанда спиннің әрқилы бағыттарымен сипатталатын магниттік кіші деңгейлер арасында ядроның кванттық ауысуын тудыра алады.
Төменгі деңгейден (ࣟ 1) жоғарғы деңгейге (ࣟ 2) ауысу фононды жұтумен қабаттас өтеді, ал жоғарғы деңгейден төменгі деңгейге ауысу фонон шығарумен өтеді. Термодинамикалық тепе-теңдік кезде ࣟ 2 энергиялы деңгейдегі ядролар саны N2 ࣟ 1 энергиялы деңгейдегі ядролар санынан N2 аз болатындықтан, акустикалық тербелістер кезіндегі жұту актісінің саны шығару актісінен артық болады, осы- ның нәтижесінде АЯМР-да фонондардың резонанстық жұтылуы жүзеге асырылады. АЯМР кезінде магниттік кванттық сандары m =±1, ±2 болатын ауысуларға рұқсат берілген, ал әдеттегі ЯМР-да тек m = ±1 санды ауысуға ғана рұқсат етілген.
АЯМР-ды қатты денелердегі сызықтық емес фонон-фонондық өзараәсерлесу- лерді тіркеу үшін пайдалануға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *