Әмір Темір

Әмір Темір (1336-1405)—қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқария уәлаятының билеушісі болған. Моғолстан ханы Тоғлық Темірмен, Балқ пен Самарқан әмірі Хұсайынмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауранахрды өзіне қаратты. Әскерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм, Шығыс Түркістан, герат, Хорасан, Қандағар, Сұлтания, Тебриз, иран және Ауғанстан иеліктері қол астына қарайды. Бірнеше дүркін жорықтан соң Алтын орданы күйретеді. үндістан, Сирия, ливан жерлерін басып алады. осман империясын талқандап, түрік сұлтаны илдырым Баязидті тұтқындайды. 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолда отырарда қай тыс болады. Сүйегі Самарқандағы гөр-Әмір кесенесіне жерленген. Халық арасында және тарихи деректерде Ақсақ Темір, Әмір Темір Көреген (гурген) деген ныспылары кең тараған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет иасауи кесенесін салдырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *