Әмірсана

Әмірсана—Жоңғар қоңтайшысы Қалдан Сереннің ұлы. Әкесі өлгеннен кейін жоңғар ақсүйектерінің арасында қиян-кескі тақ таласы туады. Қалдан Сереннен үш ұл қалған еді. үлкен ұлы лама Доржы тоқалдан (кейбір деректерде күңнен) туылғандықтан әке тағына отыру құқығы жоқ болатын. Сондықтан ортаншы ұлы Шуан Доржы Намжар отырады. ол 1750 жылы мамырда жездесі Сайын Болғы тарапынан өлтірілген соң, жоңғар тағына лама Доржы иелік етеді. Бұған наразы болған тақтан үміткер, ойрат руының тайшысы Сыбан рабданның қызынан туған Әмірсана лама Доржының қастандық қылуынан қауіптеніп, Дауашы екеуі қазақ хандығынан пана тілеп, 1751 жылы Абылай ханның ордасына қашып барады. Абылай хан жоңғар билеушілерінің бұл қырқысын сәтті пайдалану үшін екеуін қол астына паналатады. 1752 жылы Әмірсана мен Дауашы еліне қайтып, лама Доржыны тақтан тайдырады. Билікке Дауашы келеді. 1754 жылы Әмірсана мен Дауашы арасында қайшылық туып, Әмірсана қазақ хандығына тағы бас сауғалап келеді. Абылай бұл жолы да Әмірсананың бас амандығына кепіл болады. осы жылы Әмірсана тақты тартып алу үшін Дауашыға қарсы аттанады. Бірақ жеңіліп қалып, Қытай патшалығына қашып, көмек сұрайды. Көптен бері батыс ауданының тыныштығын бұзып жүрген жоңғар ақсүйектерінің билігін жоюды көздеп жүрген Қытай патшалығы 1755 жылы Жоңғарияға әскер жіберіп, Дауашыны тақтан құлатады. 1756-1757 жылдары Әмірсана ның да билігін түбегейлі жояды. 1757 жылғы алтыншы айда қытай әскері Әмірсананы аздаған тобымен қоса өкшелей қуып Аягөзге келгенде Абылай хан өз әскерімен қарсы шығып, Қытай патшалығымен тату тұруға келісімге келеді. Қытай патшасына хат жазып, сәйгүлік сыйлайды.
Әмір Те

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *