
Абылай ханның балалары
Абылай ханның алғашқы алған бәйбішесі—қарауыл қызы. одан ұл жоқ, жалғыз қыз болды. ол қыз—Жамантай ханның шешесі. онан соң қарақалпақ қызынан: Әділ сұлтан, Ешім сұлтан. Қабан қызы Хатиннан—рүстем сұлтан. Қожа қызы Хатиннан: Қосым, Арық, Тоқ және қарауыл қызы қатынынан Шығай, Тағай, Сек, Аюке туған. ол Аюкенің қызы Қалдан шереннің тоқалы еді. Мұнан туған—Торыш сұлу. Бұл Торыш сұлудан—Қасым хан. Көп баланың ішінде Абылайдан жауға шапқан Қасымның ұрпағы—Саржан, Кенесары, Наурызбай. Ең ақыры—Сыздық төре. осы күнде Сырдария мызафатында, тірі. Жылы—қой, жетпіс бірде. Бұқарекең айтпап пе еді: «Ағар дария су кетпес, қалмақтан маһи бір зайып сүйегіңді жоғалтпас»,—депті.
Топ төреден—Бірәлі төре, мұнан—Шалғынбай төре,
Қарқаралыда аға сұлтан болады. Шама төреден: Боқсын, Есім, Қараша хан, Жәңгір, уатай, Досым, Саңрат, Есе хан, Сыздық төре. Қамбардың Жанақ ақынға айтқаны:
—Әбәйділдә, Аббастың елін жинап, Бес жорғасын өлтірдік кесе байлап.
Ханнан алған сұлуым өліп қалып,
Қара күңмен келемін сорым қайнап.
ол замандарда ақындарға жетім қызды бір шаян орнына
береді екен. Көтеш ақын—о да жетімді көп алған кісі:
—Тінәлі Тышқанбайдан алдым жетім, Қопаның өкпеледім көрмен бетін.
Малдыбайдан алғаным маңқа жирен,
Түбінде жалғыз таудың жедім етін.—дейді.
осы Көтештің өлеңіне аты қосылған кісілердің тұ-
қым-нәсілін сұрастырып қарасақ, Тінәлі Тышқанбай ұрпағы жақсы өніп, бай болып, қатарға қосылып жүр. Малдабай деген адам—малды байдың малды байы. ол бірдей тозып, берекесі жоқ болып жүр. уәли ханның тоқалы Айғаным нан—Көкшетаудағы Шыңғыс төре. Мұның бір Шоқан дейтін баласы қыршын күнінде өліп кетті. Бұл күнге дейін тірі жүргенде зор таяқ шығаратын ердің бірі еді. Бұл Абылайдың үрім-бұтағын таратып тегістеймін деушіге бір қап жан керек. Нұхтың өмірі, Ауыптың сабыры, қарын ның байлығы керек деуші еді. Әділден—Нұралы, одан—Тезек төре, Шамадан уатай. одан—Аймақ төре. Жәңгір балалары: Сартай, Абылхайыз, Самай, Матай. Халық аузында әңгіме болған сөзді сөйлеу керек. Жұрт білмейтінді айта бергенмен, дәнеме өнбейді. Абылай хан өлген соң Сары қазақ Сыбан, итқара сұлтан—Біртайдың осындай басты кісілері жойылып, уәли ханды хан көтереді.