
Абылай туралы
Абылай хан жоңғарларды шапқан бір шабуылда мың адам барлаушы ғып алға жіберіпті. оларды екіге бөліп, екі батырды бас етеді: қарабұжыр Қанжығалы Жантай және сол рудың үлкені Бөгенбай.
Батырлар ұзақ уақыт оралмайды. Абылай қатты мазасызданады, олардың тағдыры туралы жырауы Бұқардан сұрайды.
—Менің батырларыма не болды, олар неге оралмай жатыр?—дейді. оған Бұқар былай жауап береді:
—Жантай Талқын арқылы өтеді, Бөгенбай Құлжан мен өтеді. Хан Баба кері қашады. Жантайдың Талқындағы жо лы тар әрі қауіпті.
«Жантай батыр қатерге ұрынды» деп ойлайды Абылай.
—Жантай барады, Барып ұлысты шабады.
Күлін көкке ұшырып,
Жантай әкелген ақша бет қызды Хан Абылай алады.
Абылай кейіннен:
—Бұқардың айтқаны келгенде, төбем көкке жеткендей қуандым,—дейді.