Тауар ассортименті мен шығындардың айналу есебіне байланысты баға белгілеу

Тауар ассортименті мен шығындардың айналу есебіне байланысты баға белгілеу стратегияларының мәні
1.Баға тағайындаудың негiзгi факторлары
2. Пайда алуға негізделген бага белгілеу ерекшелігі
Баға тағайындаудың негiзгi факторлары:1Сұраныс. Негiзiнен тұтынушылардың сатып алу қабiлетiнен және олардың бағаның өзгеруiне жауап әрекетiнен тәуелдi.
-Бәсеке. Бәсеке деңгейi рыноктағы бәсекелестер санынан, олардың бағалық стратегияларынан және өндiрiстiк-өткiзу қызметiнен тәуелдi.
-Өндiрушiнiң өндiрiстiк, маркетингтiк және басқа шығындары. Шығындар қолданбақ технология және техникамен, өндiрiстi және маркетингтi ұйымдастыру деңгейiмен, жұмыскерлердiң бiлiктiлiгi және ынтасымен анықталады.
-Құқықтық жүйе, яғни бәсекенiң немесе монополияның заңдылық шектеулерi, баға өзгерiстерiн әкiмшiлiк реттеу, бәсекелестердiң келiссөздерiнде бағаны талқылау ережелерi.
Көптеген отандық кэсіпорындар бағаны тікелей есептеу аркылы (шығындық тэсілмен) шығарады, оның мәлшері барлық шыгындарға пайда мөлшерін қосу негізінде аныкталады. Бұл тэсілдің мынадай түрлері болады:
1. «Шығынға үстеме қосу» эдісі. Бұл жағдайда енімнің езіндік кұнына стандартты үстеме қосылады. Бұл әдісті колдану белгіленген баға қажетті сату келемін қамтамасыз еткен жағдайда ғана қонымды. Өндірістік шығындарға негізделген мұндай әдіс делдал үшін де, тұтынушы үшін де эділ болып саналады. Осы эдіс күні бүгінге дейін ең танымал, себебі, шығындарды анықгау сұранысты анықтаумен салыстырғанда әлдеқайда жеңілдеу.
Бұл эдіс ендірістің жалпы жэне шекті шығындарын анықтау сияқты екі амалға негізделуі мүмкін. Көптеген кәсіпорындар баға белгілеген кезде жалпы шығықцарды қодданады, оның құрамына езгермелі шығындар және белгілі бір тауар ендіру үшін кажет барлық тұрақты шығындар кіреді.
Шетелдерде кебіне тұрақты жэне өзгермелі шығындарды толыгымен отеуге негізделген шығынды жабу сомасы қолданылады.
2. Пайда алуға негізделген бага белгілеу. Мұндай эдіс шығынсыздықты болдырмау кағидасына негізделген. Бұл жағдайда фирманы шығынға ұшыратпайтындай жэне белгілі бір пайда мелшерін алатындай баға аныкталады.
Осы әдісті қолдану эр турлі сату келемі кезіндегі жалпы шығындар мен пайданы бейнелейтін шығынсыздық графигін кұруды кездейді. Бұл жагдайда шығынсыздык шегі жиынтық шығындар мен жнынтық табыс кисыктарының қиылысу нүктесінде аныкталады. Дегенмен, мұндай жағдайда кеп нэрсе сұраныстың бағалык икемділігіне байланысты болады. Сондықтан, маркетологтар шығынсыздық шегін, ықтимал сұраныс деңгейін жэне эр түрлі бағалардағы пайданы анықтауы қажет. Бірақ, бағаның есуі сату көлемінің азаюына экеледі, шығынсыздык шегіне жету үшін тұракты жэне езгермелі шығындарды үнемдеу есебінен езіндік кұнды темевдету жолдарын іздеу керек.Тауарды жылжытумен байланысты жеке сатулар мен қоғаммен байланыстың негізгі стратегиялар түрлерін анықтау, олардың мәнін ашу.
Жеке сату әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:♦ сатушы мен сатып алушы тауарға байланысты өзара қарым-қатынасы туралы арнайы кездесу өткізеді;♦ қарым-қатынас содан кейін тұрақты қалыптасуы мүмкін;♦ кездесу нәтижесі өз әсерін беріп тауар сатылуы мүмкін..Әлеуетті сатып алушыны саудаға алдын ала дайындаудың ең маңызды мәні жеке сату стратегиясын әзірлеу туралы шешімін қабылдау болып табылады. Ол стратегиясын таңдау үдерісі тұтынушының тауар туралы ақпаратты таныстығына байланысты болады. Мұнда сату стратегиясының екі түрін айыруға болады: стандартты немесе икемді сату.
Стандартты сату стратегиясы барлық әлеуетті тұтынушыларға алдын ала әзірленген жалпы сату тәсілі ретінде сипатталады.
Икемді сату стратегиясы әрбір сатып алушы қажетінің ерекшелігіне байланысты жеке сату тәсілі ретінде жасалады.
Жеке сату үдерісінің ең маңызды кезеңі — ол тауарды ресми таныстыру болып табылады. Тауардың беделі сатып алушылармен қалыптасқан қарым-қатынас негізінде тауардың қалай ұсынғанына байланысты болады.
Сауда кедергілерін жою кезеңі де арнайы сату үдерісінің ең маңыздысы.. Психологиялық кедергілер сатып алушының жеке тұлға ретіндегі негізгі мінездері, көзқарасы ерекшеліктерімен сипатталады. Оларды жою үшін сатушы тұтынушының ерекше жағдайын білуі керек.
Қоғаммен байланыс қызметі аясындағы барлык, күш-жігердің басты міндеті фирмаға деген сенімді және түсінушілік ахуалды қалыптастыруға бағытталады. Сондықтан паблик рилейшнз саясатының негізгі мақсаттары мыналар болады:
1) ішкі саясатты жүзеге асыру: фирма тағдырына оның қызметкерлерінің жауаптылығын, оған қатыстылық сезімін қалыптастыру, өз фирмасын, оның өнімдерін мақтан тұту сезімін дәстүрлі қалыптастыру;
2) сыртқы саясатты жүзеге асыру: тұтынушыларды фирма өндіретін өнімдермен таныстыру, олардың сапасын көрсете білу;
3) фирма беделін көтеру: фирманың бейнесін, беделін, жақсы атағын, яғни жұмысшылар өздері өндіретін тауарларды (қызметтерді) ардақтау.
Коммуникация жүйесіндегі баска құрамына қарағанда қоғаммен байланыстардың мынадай ерекшеліктері бар:
♦ түсінігі жоғары — жарнамаға қарағанда ресми таныстырулар, баяндамалар тұтынушыларға шынайы, сенімді көрінеді;
♦ тұтынушылар кеңінен қамтылады — сатушыларға, жарнамаға сеніңкіремей жүргендерге жариялау әрекеті кең көлемде жақсы нәтиже береді;
♦ көзге тартымды да жағымды келеді.
Қоғаммен байланыстың негізгі нысандары мыналар:
♦ бұқаралық ақпарат құралдарындағы редакция материалдары;♦ көрмелердің беделді бөлімдері;♦ кино және видеофильмдер;♦ басылым туындылары;♦ фирма өкілдерінің маңызды және әйгілі қоғамдық оқиғаларға қатысуы;
Бұл шаралардың кеңінен қолдануы ыңғайлы болады, егерде:
1) фирма рынокқа жаңа тауар ұсынған болса;
2) бәсекелестер жағынан қарсы әрекеттер жүргізіле бастаса;
3) дағдарыс жағдайға ұрынса: өнімнің сапасына көпшілік жаңа талаптар қойса, фирманың жабылуына қауіп-қатер туса, қоғамның әртүрлі топтарымен қатынас нашарласа;
5) бірлесіп істейтін фирмалардың жұмысшыларымен және қызметкерлерімен өзара жаңа қарым-қатынас қалыптаса бастаса.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *