СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Есекенова Қ.Б. – ҚарМТУ студенті (ПО-14-1 тобы) Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доцент Самашова Г.Е.

СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадірқасиеттерді: ұлттың сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдык және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйытқы болады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрыңғыдан ерекше бір түрі — сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фестивальдар немесе тапқыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердін, ой тапқырлығы мен қимыл шапшандығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдын білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардын түрін кеңінен өрістеу — бүгінгі күннің талабы.
Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі — туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, түп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.
Соңғы жылдарда мектеп өмірінін дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі — оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер тағайыңдалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесуі тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін-өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады. Соңғы жылдарда сыныптан тыс дене шынықтыру — спорттық жұмыстардын жүргізілуіне көңіл көп артуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.
Қорыта келгенде, бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін, ең алдымен, білім беру саласын реформалауды қолға алу қажеттігін елбасымыз атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласын алдына шешілуге тиісті біраз міңдеттер қойылды. Онда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмір құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып да, даярлауға бағдарланбағандығы көрсетілген. Осындай кемшіліктерді жоюдың жолы — оқыту үрдісінде оқушы тұлғасын дамытуда танымдық белсенділікті орны ерекше болып табылады.
Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениеті әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кірістіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамытудың күшті құралы болып саналады. Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің еңбасты парызы, — деп біледі.

Әдебиеттер тізімі
1. Болдырев Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. «Мектеп», 2011.
2. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. -А., «Мектеп», 2010.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *