ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІ

Рахмет Ә.Т. –КарМТУ студенті (ФЭМ – 14-1 тобы)
Ғылыми жетекші — аға оқытушы Минишева А.Р.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІ


Қарағанды аймағының географикалық жағдайы мен оның өнеркәсіптік потенциалын ескере тұра, оны Қазақстанның стратегиялық маңызды аймақтардың шеңберіне кіргізуге болады [1]. Мемлекеттік сектор технологиялық жаңғыртуға жіберілетін шығындардың құрамындағы негізгі көлемін құрайды және технологиялық жаңғыртуға жіберілетін шығындардың тиімділігі онша жоғары емес. Аймақтың нақты өндірістік әлуеті бар: осы жерде түсті және қара металлургиялық, энергетикалық, химиялық және машина жасау ірі кешендері құрылған. Жергілікті мыс, шойын, кокс, болат, қанылтыр, көмір, электроқуат өндірістерінің үлестік салмағы елдің өнеркәсібінде маңызды орын алады. Экспорттық және импорттық операциялар бойынша аймақтың басты серіктестері — Иран, Қытай, Біріккен Корольдік, Өзбекістан, Германия, Украина.
Қарағанды аймағының үлесі тауарлық өнімнің республикалық көлеммен — 20 % салыстырғанда, көмір өндірудің — 26%, темір кен өндірудің — 46,9%, шойын мен болат өндірудің — 100 % түседі. Экономикалық тарапынан бағалағанда аймақ тиімді жерде орналасқан, себебі ол тоғыз облыстарымен шектеседі, яғни, транзиттық қатынас жолдары арқылы аймақтың сауда қатынастары дамып, нығайтылады. Осы аймақтың Қазақстан астанасы — Астана қаласына жақын жерде орналасқаны, осы аймақтың дамуына ықпалын тигізеді. Аймақта тасымалдау инфрақұрылымы, ғылым және ғылыми сервис салалары жақсы дамыған. Қарағанды аймағында (нақты және ықтимал) инвесторлар тартуына бағытталған барлық шаралар кешенін іске асыру, инвесторлардың потенциалын бағыттау, арнайы экономикалық аймақтар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды аумақтарда орналыстыру мақсатымен «Қарағанда — Инвест» АҚ басқару компаниясы арнайы ұйымдастырылды. Көбінесе кәсіпкерлік өз құралдарын инновацияларға тек қана бәсеке ұлғайып бара жатқан ортада аман қалу үшін сала бастайды, сондықтан аймақтағы инновациялық даму саласына жасалған меншікті инвестициялардың саны көп емес. Қарағанды аймағы металлургияда маманданады, осы себептен орасан капиталдық салымдар металургия саласындағы инновациялық жобаларға жасалған. 2014 жылда «Сарыарка» АЭЗ 3 жоба ұйымдастырылды: «Бемер Арматура» ЖШС, «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС, «Хенву Централ Азия» ЖШС. 2014 жылдың аяғында Индустрияландыру карта ұйымдастырылды, оның алтынды кенді шығару бойынша жылдық қуаттылығы – 2 млн тонна және соңғы өнімі – алтын–күміс Доре құймасы бойынша (жобалаушы – тау–кен металургиялық кәсіпорын Алтыналмас» АҚ). Қарағанды аймағы «Орталық-Онтүстік» халықаралық дәліз учаскесін қайта құру жөніндегі жобаға қатысты, себебі аймақтың аумағы бойынша жалпы ұзындығы 653 км. тең автокөлік жолдың учаскесі өтеді. 2015-2016 жылдар аралығында, Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмеге дайындалу шеңберінде «Астана-Теміртау» автокөлік жолы пайдалануға беріледі [2]. Сонымен бірге жақында Қарағанды аймағы мен Қазақстанға жаңа итермелі күш беретін «Жезқазған-Сексеуіл» және «Арқалық-Шубаркөл» теміржол аяқталады. Бірақ Индустрияландыру картаға енгізілген жобалардың барлығы минималдық жобалық қуат деңгейіне жеткізілген жоқ [3]. Шахтинск қаласындағы синтетикалық жуу құралдарды шығаратын зауыт толық жобалық қуат деңгейіне шықпай, әлі күнге дейін осы кәсіпорын үшін қажетті инвестор әлі де табылған жоқ. «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС теміржол жүк вагондарына арналған бүйіргі рама мен рессорадағы бөренелерді шығара алады. Сертификаттық сынақтарды өткізу үшін 1 млн АҚШ доллары қажет. Осы сынақтарды қарыландыру мәселелсі әлі де шешілген жоқ. Тапсырыстар аз болғандықтан клинкерлік термопанельдерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асырып жатқан «Мастер-Klass Строй» ЖШС (Сараң қаласы) тоқтап қалды. Коксты қайта өндіруде мамандалған және ұзынжалынды көмірді шығаратын «Хром-Т» ЖШС, бастапқы шикізатты өндіретін «ЕNRC» АҚ («Шубаркөл комір» АҚ) компаниясының баға саясаты өзгертілуіне байланысты жаңа мәселелеріне тап. Нәтижесінде «Хром-Т» ЖШС өндіретін өнім бәсекелесуге қабілеттілігін жоғалтып, осы инновациялық жоба жүзеге асырылмады.
Қарағанды облысы пайдалы қазбалардың кен орнын жасауда елдің минералды-шикізат комплексінде маңызды бір орынға ие және Қазақстанның бірегей темір-марганецті, баритті-жартылайметалды, мыскенді сирекметалды және көмірлі ауылы болып саналады .
Аймақтың қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша потенциалды шығарылатын балансты қорының бағалылығы 758,2 млрд АҚШ долл. құрайды. Недрдің қорлары және болжамдыресурстары – 1162 млрд АҚШ долл. ТМД елдерінің ішіндегі көмір бассейндерінің арасында Қарағанды көмір бассейнінің табиғи газы молырақ келеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Государственная программа индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 — 2019 годы. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 1 августа 2014 г. № 874.
2. Выступление министра экономики и бюджетного планирования РК в ходе телемоста, посвященного реализации Карты индустриализации, в Астане 2 июля 2014 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *