
Якуда Г.А.- ҚарМТУ студенті (ХТОВ-15-1 т)
Ғыл.жет.- аға оқытушы Жуманбаева Т.К
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ
Инвестиция-бұл инвестор өзінің ақшасын салып отыратын қор десекте болады. Инвестор–қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицяда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі- инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Сонымен қатар президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңінің қиындығын және ХХІ ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетіледі. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз — Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қатынастар ұлғаяды.Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
Инвестициялар-деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықтың әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Қаржылық инвестиция дегеніміз-акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы.Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарғыдағы мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым, табыстылық қағидаттарына негізделген жалпы экономикалық прагматизмді экономикалық саясаттың жаңа курсы деп анықталады. Жаңа курсқа сәйкес экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал жасалуы керек.Тиімді мемлекеттік инвестициялық саясат мемлекет экономикасының даму прогресіне әсер етеді. Бұл прогресс, ең алдымен, макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасына, яғни ЖІӨ өсімі, мемлекет азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады. ҚРның статистикалық мәліметтеріне сәйкес, халықтың өмір сүру деңгейі жақсарғаны байқалады. Осылайша, Қазақстанда соңғы 8 жылда ЖІӨ-нің деңгейі 62,6% -ға өсті, айтарлықтай күнкөріс деңгейінен кем тұратын халықтың үлесі қысқарды, шамамен 1% кедейлік деңгейі төмендеді. Яғни бүгінде осы проблемаларға ҚР-ның Президенті ерекше көңіл бөледі және осы проблемалардың оң тенденциясы инвестициялық қызметпен анықталады. Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі біздің еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы мен имиджін көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «ҚР Индустриялды — инновациялық дамуының 2003-2015ж. арналған стратегиясы» Астана-2003.
2. Ихданов, Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы-2002.
3. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев-
Алматы «Қазақ энциклопедиясы»
4. «Қазіргі экономика» Қожаниязов Т.Қ , Қожаниязова Ж.Т Тараз-
2010