
Қоңыр А.Е. – ҚарМТУ студенті (ФИЭМ-15-2 тобы) Ғылыми жетекші — аға оқытушы Шаймерденова Р.Т.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МӘНІ, ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компания-лар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, соны-мен қатар азаматтық қызмет пен бизнес саласында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. [1]
Стратегиялық жоспар мәні – белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыс-тарды жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдары жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз. Қазіргі заманғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «стратегия» бөлшектеніп нақтыланға, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететтін жоспар болып саналады. Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімдік стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығында жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді. Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттігі әзірлеген «Министрліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарына» сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
— саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
— жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
— басыңқылар;
— SWOT – мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
— мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
— стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері немесе аралық мақсаттар.
Кейбір ұйымдар мен кәсіпорындар арнайы жоспарлауды әзірлемейақ, белгілі бір табыс деңгейіне қол жеткізіп жатады. Дегенмен, стратегиялық жоспарлау өз бетімен табыстылықты қамтамасыз етпейді.
Сондай-ақ, арнайы жоспарлау кәсіпорын үшін көбінесе қолайлы және маңызды факторларды құрайды. [3]
Қазіргі кездегі білімнің, ақпараттың өзгерісі мен ұлғаюы кең көлемде дамып келеді, стратегиялық жоспарлау болашақтағы мүмкіншіліктер мен мәселелерді жай ғана болжаудағы жалғыз тәсіл болып табылады.
Ол жоғарыдағы басшылар үшін ұзақ мерзімге жоспар құру құралын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, стратегиялық жоспарлау шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Арнайы жоспарлау шешім қабылдаудағы тәуекелділікті төмендетуге әсер етеді.
Жүйеленген және негізделген жоспарлық шешімдерді қабылдай отырып, басшылар сыртқы жағдайлар мен кәсіпорынның мүмкіншілігі туралы қате және толық емес ақпараттардың әсерінен дұрыс емес шешім қабылдау тәуекелдігін төмендетеді. Жоспарлау белгілі бір мақсаттарды қалыптастыруға қызмет ететіндіктен, ұйым ішіндегі жалпы мақсаттарды құруда көмектеседі.
Бүгінде өндірісте стратегиялық жоспарлау ерекшеліктен гөрі, ережеге айналып барады. Стратегиялық жоспарлау жүзеге асқанда ғана, оның мәні болады. Негізгі құраушы жалпы стратегияны таңдағаннан кейін оны басқа ұйымдастырушылық қызметтермен байланыстырып жүзеге асыру керек.
Стратегияны байланыстырудың маңызды механизмі жоспар мен бағыттарды: тактиканы, саясатты, процедуралар мен ережелерді қалыптастырып, бекіту болып табылады.
Стратегиялық жоспарды құру мен оны одан әрі жүзеге асыру оңай процесс сияқты көрінеді. Бірақ, көптеген кәсіпорындар жоспарлауға қатысты «ақырын енгізу» әдісін қолданады да, көбінесе ойламаған жерден құлдырауға ұшырап жатады. Стратегиялық жоспарды үздіксіз бағалау жоспардың ұзақ мерзімді жетістігі үшін кездейсоқтық мәнді иеленеді.[2]
Стратегияны бағалау жұмыстың мақсаты мен нәтижесін салыстыру жолымен жүргізіледі. Бағалау процесі стратегияны дұрыстау үшін кері байланыс механизмі ретінде қолданылады. Тиімді болу үшін, бағалау жүйелі және үздіксіз жүргізілуі керек. Осылайша, өңделген процесс барлық деңгейлерді жоғарыдан төменге дейін қамтуы керек.
Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі
1. Ансофф И. Стратегическое управление: пер, с английского / Е.Л. Леонтьева, 2000
2. Афанасьев М.П. Маркетинг: Стратегия и практика фирмы / А.: Финстат, 2001
3. Бухалков М.И. Внутрифирменное планирование / М.: Инфра-М, 2001.