МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

Кошенов Б.Е. ҚарМТУ студенті (ФЭМ 14-1к тобы) Ғылыми жет.- экономика магистрі, оқытушы Кусаинова А.А.

МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ


Барлық елдерде мемлекеттік кірістер мен шығыстар өте маңызды және өзекті мәселелердін бірі болып табылады. Кәзіргі заманда барлық мемлекеттің экономикасында мемлекеттік кірістер мен шығыстардың болуы қалыпты жағдай деп айтсада болады, себебі мемлекеттік кірістер мен шығыстарсыз экономиканың болуы мүмкін емес. Шынында да, жалпы мемлекеттік кірістер елдің дамуын, қоғамның, әлеуметтің оның азаматтарының әл-ауқатын, елдің беделін, тұтастай алғанда мемлекеттің бүкіл жағдайын көрсетеді. Егер де мемлекеттік кіріс жеткілікті болмаған жағдайда онда мемлекет бюджет тапшылығына ұшырайды, ондай жағдайда мемлекет өз міндеттемелерін орндауы қиын жағдайға қалады, және инфляция, қаржы жүйесінің күйреуі және де сол сияқты тағыда басқа эконмикалық дағдарыстық жағдайларға тап болады.
Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі мемлекеттік кірістерді ұлғайту болып табылады. Себебі кірістер бюджет тапшылығын жояды. Мемлекеттік кірістер көбінесе салықтардан, айыппұлдардан және ресми трансферттерден құралады және осы құралған ақша мемлекеттің бюджетіне түседі.
Кәзіргі уақытта барлық мемлекеттер өз экономикасын дамытуға күш салуда. Әр бір мемлекеттің өзінің алға қойған мақсаттары мен жоспарлары бар. Барлық мемлекеттер аралас экономикада болғанымен көбінесе нарықтық экономикаға ұмтылады. Кәзіргі дамған мемлекеттер мысалы, АҚШ, Жапония, Германия сияқты мемлекеттерде аралас экономикада болғанымен нарықтық экономика басым болып табылады. Себебі, нарықтық экономика мемлекетке және жеке бизнестерге өте тиімді болып табылады.
Нарықтық экономика бұл – ашық экономика болып табылады. Нарықтық экономикада, жеке бизнестер еркін сауда-саттық пен айналысады, және мемлекет араласпайтын болады. Нарықтық экономикада, жеке бизнестердің даму процесі жылдамырақ болады және мемлекеттің ішінде жеке бизнестер мне өнеркәсіптер көп болады және олардың арасында бәсекелестік орнайды, сол себепті жеке бизнестің дамуы жоғары болады, соның арқасында мемлекетте бюджет тапшылығы бола қоймайды.
Нарықтық экономика мемлекетке көп кіріс әкеледі және мемлекет дамуы жоғарылайды. Бірақ кәзіргі дамыған мемлекеттер нарықтық экономикаға толықтай көшкен жоқ, егер көшетін болса, онда мемлекет жеке бизнестер мен кәсіпорындарды басқару қиынға соғады. Ал аралас экономикада оларды заң мен немесе тағыда басқа шаралармен бақылап, қадағалап отырады.
Кәзіргі таңда біздің мемлекет жекешелендіру саясатын жүргізіп жатыр. Жекешелендіру саясатын жүргізудің ең басты себебі, бұл әрине мемлекеттік шығындарды азайту, мемлекеттік кірістерді ұлғайту. Жекешелендіру саясаты мемлекетке өте пайдасы зор саясат деп білемің, соның арқасында біздің мемлекетімізге көптеген кірістер кіріп жатыр, және халыққада пайдасы тиіп жатыр.
Біздің еліміздің бюджеті кәзіргі уақытта жүргізіліп жатқан мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламаларға жұмсалып жатыр. Бұның ішіндегі ең ірі ең ұзақ стратегия «Қазақстан 2050» стартегиясы екенің барлығы біледі. «Қазақстан 2050» стратегиясының басты мақсаты Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу. Осы стратегияны жүзеге асыру үшін көптеген бағдарламалар жүргізіліп жатыр.
Осы жылы біздің елімізде EXPO-2017 бағдарламасы өтеді. Осы бағдарламаға көптеген қаражаттар кеткені белгілі. Бірақ бұл бағдарламаны еліміз бекерге өткізіп жатқан жоқ. Бұл бағдарламаны егерде сәтті өткізсе, онда елмізге пайдасы зор болады, бұл бағдарламаға кеткен шығындарың барлығын жойып, елімізге пайдасын алып келеді.
Еліміздің басты байлығы ол жеріміз. Бізідің еліміз шикізат өндіруші ел болып табылады. Біздің жеріміздегі қазба байлықты шикідей шетелдерге экспортқа шығару арқылы күн көрудеміз. Кәзіргі таңда бұл саясат тиімсіз болып табылады, себебі, біз шикізатты арзан бағаға сатсақ, сол шикізатымыз дайың өндірілген тауар түрінде қымбат бағаға біздің елімізге ипортталынады. Бұл саясатын елімізге айтарлықтай пайдасы жоқ. Біздің еліміздің бір кемшілігі осында. Егерде осы саясатты қолға алатын болсақ, шикізатты шығарып қана қоймай, оны өндіре білсек біздің еліміздің бюджетіне түсетін кірістер көп, шығындары аз болады.
Менім айтқым келгені, мемлекет даму үшін жеке бизнестер мен кәсіпорындарды көбейуіне мемлекет күш салуы керек, және еліміздің жер қойнауындағы қазба байлығымызды дұрыс пайдалануымыз керек, соның арқасында мемлекетімізде кірістер көбейіп, шығындары азаяды. Сондықтан, мемлекет аралас экономкада болғанымен нарық экономикасы басым болуы тиіс. Біздің еліміздегі мәселелердің көбісі қаржыға келіп тіреледі, қаржысыз еліміз өз мақсаттарын жүзеге асыруы қиындайды. Бірақ, кәзіргі таңдағы еліміздегі жүргізіліп жатқан бағдарламалар мемлекетіміздің дамып, өркендеп, өсуіне, пайдасын тигізуде. Ал жүргізіліп жатқан стратегиялар, мемлекетіміздің әлемдегі ең мықты елдердің қатарына қосады деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *