
Тұрсынкүл А.Б. – ҚарМТУ студенті (ХТОВ 15-1 тобы)
Ақмырза К.С. – ҚарМТУ студенті (ХТОВ 15-1 тобы) Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Карилхан А.К.
ПОЛИМЕР ӨНДІРІСІНІҢ ӨНІМІ — ПЛАСТМАССАЛАР
Пластмассалар, пластикалық материалдар – құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектролиттік қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-фармальдегидті пластмассалар поливинилхлоридті пластмассалар, т.б. аталуы да пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады.
Пластмассалар төрт топқа бөлінеді:
1. полимерлену өнімдері негізіндегі пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.);
2. поликонденсациялау негізіндегі пластмассалар (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.);
3. химиялық модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
4. табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі пластмассалар, сонымен қатар термопластик және термореактивті пластмассалар; Термопластикалық пластмассалар қыздырғанда пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады. Термореактивті пластмассалар жылу әсерінен алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер (эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады. Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны тәрізді, сол қалпын термиялық деструкция басталғанға дейін сақтайды. Олар С аралығындағы температурада өзгеріске ұшырамайды.
Негізінен пластмасса полимерлік өндіріс өнімі болып табылады. Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі – пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетикалық) каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың орнын алмастыра алады.
Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Сол себепті олардың өндірісі сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналасады. Қазақстанда Ақтау мен Атырауда екі пластмасса зауыты бар. Ақтаудағы зауыт полистирол өндірсе, Атыраудағы зауыт полиэтилен мен полипропилен өндіреді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда, Алматы мен Астанада құрылған. Мәселен Атырау қаласында сумен жабдықтайтын полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт бар. Осы зауыттардың ішінде жұмысы өнімді зауыт ретінде Ақтау пластикалық массалар зауытын айта аламыз. 1981 жылы негізі қаланған пластмасса зауыты аз уақыт ішінде жобада белгіленген қуаттылығы игеріліп, полистирол өндіретін ірі кәсіпорынға айналды. 1982 жылдардың өзінде ақ экспортқа жылына 240 мың тонна полистирол шығара бастады. Қазіргі таңда Қазақстандағы өнімді жұмыс атқаратын беделді зауыттардың бірі болып саналады.
Пластмассалар электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында, медицинада және де әр түрлі ойыншықтар жасауда кеңінен қолданылады.
Пластмассаны негізгі қолданылу саласына қарай мынадай бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:
• конструкциялық;
• электр және радиотехникалық;
• антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақтылық;
• дыбыс және жылу оқшаулағыштар;
Мақаладағы мәліметтерді қорыта келе мынадай тұжырымдама жасауға болады. Әр алуан материалдардың жақсы қасиеттері пластмассалардан табылады. Сондықтан техникалық көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып саналады. Мысалы, болатты алатын болсақ, ол өте берік, бірақ меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден қорғай алмайды. Ағашты алсақ, ол жеңіл, бірақ берік емес, шіритін материал. Ал пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығына жауап бере алады. Олардың арасынан берік те жеңіл, мөлдір және сынбайтын, әрі электрден қорғағыш қасиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялық төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффиценті өте төмен немесе өте жоғары, тағы басқа материалдар да бар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Т.Маймақов, Пластикалық массалар технологиясы. Алматы.
2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2008.