
Шыңғысова А. – ҚазИГЗУ магистранты Ғылыми жетекші – п.ғ.к. Рахимбердинов Т.Б.
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ
КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУШЫНЫҢ РӨЛІ
Қазіргі кезде, еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында. Әлемнің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына қосылу стратегиясында, білім реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болуын қамтамасыз ететін ең маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық модернизацияның талаптарына жауап бере алатын заманға сай білім жүйесі», керек екендігін айрықша атады.
«Құзырлылық» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты — тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competense» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «…өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді.»
Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.
1. Арнайы құзіреттілік — өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет
2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті
3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті
Бұл жүйелерге қарай отырсақ құзіреттілік дегеніміздің өзі қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Ендеше әр педагогтың кәсіби құзіреттілігі нақты жағдайда ғана тұлғаның құзырлылық қабілетін ашатын тапсырмалар жүйесін ұсына алатынымен анықтауға болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілді.Міне, құзіреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Коммуникативтік құзіреттілік — бұл маманның қандай бір әрекетке қосылғандығын анықтайтын және тұлғаның бүкіл даму процесінде қалыптасатын тұлғалық сапа болып табылады. Коммуникативтік құзіреттілік маманның қарым-қатынастың мақсаты, мәні, құрылымы, құралдары мен ерекшеліктері жайлы мәліметтерінің болуы, осы ісәрекеттің технологиясын меңгеруі (коммуникативтік икемділік пен дағдылар), маманның тиімді кәсіби қарым-қатынастың маңыздылығын саналы түрде ұғынуын қамтамасыз ететін дербес-психологиялық сапасы.
Біздің көзқарасымызша, коммуникативтік құзіреттілік қарымқатынастың тиімділігін анықтайтын білім, икемділік пен құндылықтық бағыт-бағдардың қосындысы. Зерттеуші, коммуникативті құзіреттіліктің құрамдас бөліктерін анықтауға талпынғанда осы мәселеге қатысты ортақ тәсілдің жоқ екенін анықтайды. Оның ішінде авторлар коммуникативтік құзіреттіліктің төмендегі құрамдас бөліктерін анықтап көрсетеді: — білім, икемділіктер, дағдылар мен тәсілдер (Макаровская, 2003);
— дұрыс коммуникативті міндеттер мен оларды шешуге сай келетін коммуникативтік қабілеттер, коммуникативтік икемділіктер және коммуникативтік білімдер(Сидоренко, 2003);
— коммуникативтік бағыттылық, коммуникативтік ақпараттану (білімдер, икемділіктер, дағдылар), коммуникативтік қабілеттер (Попова, 2003); — когнитивті (бағыттанушылық, психологиялық білімдер мен перцептивтік қабілеттер), эмоционалдық (әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе, тұлғаның қарым-қатынас жүйесі) және әрекеттік құрамдас бөліктері(икемділіктер мен дағдылар) (Макаровская, 2003.);
— әрекеттік, аффективті, когнитивті, реттеуші, ақпараттық құрамдас бөліктері (Буртовая, 2004);
— ұғымдық-операционалды блок (білімдер мен икемділіктер) және тұлғалық (сапасы, позициялар) (Нестерова, 2007). [6]
Коммуникативтік құзіреттілік ұғымын, оның құрамдас бөліктерінің мамұнын анықтау — бұл болашақ мамандардың, оның ішінде педагогикалық сала мамандарының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытудың педагогикалық проблемаларын шешудің алғашқы қадамы болып табылады.