
Жалғас Н. студент ҚарМТУ ( БТ-13-2 тобы)
Актанова А. – студент ҚарМТУ ( БТ-13-2 тобы) Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Кинаятов М.А.
АШЫҚ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНЫҢ
МУТАГЕНДІ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Өнеркәсіптердің қарқынды дамуы, қала тұрғындарының санының өсуі адамдардың қоршаған ортаға әсерін бірден күшейте түседі. Тұрмыстық және өндіріс орындары қалдықтарының мөлшері көбейе түсіп, үлкен массаға айналады. Осыдан кейін табиғатты ластау өсе түсуде. Сонымен қатар сарқынды судың көбейіп, тұщы судың тапшылығы күннен – күнге өсіп келеді [1].
Суларда органикалық заттар мен әртүрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы, ең бірінші рет су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты. Ластаушы заттарға негізінен, топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады [2].
Зерттеу материалдары Қарағанды облысындағы ашық су қоймаларындағы сынама болып табылды (Самарқан су қоймасы,) ауыр металдар, токсикалық заттармен ластануда. Соңғы уақыттарда олардың су қоймаларға өте көптеп жиналу тенденциялары бақыланып жатыр. Биосфераға түсе отырып, ауыр металдар экожүйенің әртүрлі компоненттерін аккумуляциялайды.
Ашық су қоймаларының мутагендік белсенділікке ие болуы белгілі бір заттармен ластану арқылы болады. Бұл заттар түрлі табиғи жаратылыстармен қатар жаңадан синтезделуі де мүмкін. Оларға белгілі бір негативті әсер көрсететін ауыр металл иондарын жатқызуға да болады. Олар өзінің мутагендік әсерін белгілі бір көлемде не жоғарылаған кезде, не төмендеген кезде шақырады [3].
Зерттеу мақсаты: ашық су қоймаларының алынған сынамалардың мутагендік белсенділігін анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттелетін ашық су қоймаларының сынамаларының мутагендік белсенділігін анықтау және зерттеу үшін Эймс тесті көмегімен жүргізілді. Аталған әдіс бойынша лабораториялық зерттеулерді жүргізу үшін келесі құрамды қоректік орта қолданылды:
І. Су агары – 2% (г/мл)
1. Дистилденген су – 1000 мл
2. Агар – 20г
Толық ерігенше қайнатып, мақта – марлылы тампонда фильтрлеп, рН 7,2ге дейін алып келіп, 1,0 атмосфералық қысымда 30 минут автоклавтайды.
Яғни минимальды агар үшін негізі ретінде қолдану.
Алынған нәтижелер және оны сараптау.
Зерттелетін су қоймаларындағы ауыр металл иондарының болуына байланысты жүргізілген тәжірибелер нәтижесін төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 1. Самарқан су қоймасы мутагендік белсенділігі
Штамдар
ТА 98 ТА 100
Ревертанттардың орташа саны 264 ± 1,4 391 ± 2,0
Бақылау 18 25
Бақылаудан асып кету 16,3 18,2
Кестеде зерттелген су сынамаларының нәтижесі бойынша анықтағанымыз, Самарқан су қоймасындағы су орташа мутагенді белсенділікке ие. Salmonella typhimurium ТА 98 штамы бойынша ревертанттардың орташа саны бақылау мөлшерінен 16,3 есені құрады, ал Salmonella typhimurium ТА 100 штамы бойынша ревертанттардың орташа саны бақылау мөлшерінен 18,2 есеге тең. Осы су қоймаларындағы мутагендік белсенділіктің жоғарылауы оларға өндірістік қалдықтардың түсіп отыруымен түсіндіруге болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Hartman P.E., Hartman L., Suanke R.C., Ames B.N., classification und mapping of spontaneous and induced mutation in the histidine operon of Salm// Adw. Ingenifies – 2001. – № 16. p-1-12.
2. Дубинин Н.П. Индикация мутагенов в окружающей среде
(экологическое прогнозирование) М., Наука, 1998. – с.113-140.
3. Канаев А.Т., Каратаева М.Б. Биологическая и мутагенная активность воды водовода «Астрахань – Мангышлак».2008 С. 185-188.