
Амантаева Д.М. – ПМПИ студенті (Д-31 тобы),
Лесбек А.Е – ПМПИ студенті (Д-31 тобы)
Ғылыми жетекші – аға оқытушы Мурзатаева А.Қ.
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жанжақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Балалар арасында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын соңғы көрсеткіш бойынша 35% жуығын нервтік–психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары бас миының қабығындағы сөйлеу аяларының зақымдануымен емес, ең алдымен, анализатор арасындағы байланыстардың жеткіліксіздігімен байланысты. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болуы. Осы себептерге байланысты ПДТ балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi 7-8 жастан анық байқалады. Бүгінгі таңда статистика бойынша ПДТ балалардың 21,5 %-тілінде мүкістігі бар балалар. Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша ойлау, сөйлеу тілінде және шығарманың мазмұнын айтуда қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің артта қалғаны да анықталды. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседі.
ПДТ балаларда кездесетін жалпы тіл кемістігі ІІІ деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуындағы көріністер:
-Ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейді, дұрыс қолданбайды;
-Тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;
-Сөйлегенде тек жәй сөздерді қолданады;
-Дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиналады.
Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілетін тәжірибелікэксперименттік жұмыстар «Павлодар қаласы Қ.Бекхожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің» мемлекеттік мекемесіндегі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 2 «В» түзету сыныбында жүргізілді. Тәжірибелік-экперименттік жұмысқа 5 бала қатысты.
Олардың сөздік қорында негізінен етістіктер мен зат есімдер басым болды, ал сын есімдерді олар тек заттардың көзге түсетін белгілерін атауда ғана қолданды. Жаттығу орындау кезінде жалғау мен жұрнақтарды жалғауда көптеген қателіктер жіберді, кейде жалғауларды тастап кетті. Тасымалдап жазу кезінде де қателіктер жиі байқалып тұрды. Біз балалардағы осы қателіктерді байқаған соң оларды түзету мақсатында артикуляциялық жаттығулар мен дидактикалық тапсырмалар жиынтығын өткіздік.
Балалардың қателіктерін түзету мақсатында Р.Немовтың «Қисынсыздық» әдістемесін қолдандық.
Бұл әдістеме арқылы біз оқушылардың қарапайым бейнелі елестетулерін, қоршаған орта және оның логикалық байланыс қатынастары туралы түсініктерін зерттедік. Аталмыш әдістеме баланың өз ойын қисынды әрі грамматикалық жағынан дұрыс ойлау іскерлігін қандай деңгейде екендігін анықтадық. Әдістемені өткізу процедурасы мынадай: балаға бейнеленген бейнеленген суретті көрсеттік. Онда жануарлармен байланысты қисынсыз жағдаяттар берілген. Баланы суретке қарау барысында келесі нұсқаумен таныстырдық.
Нұсқауы: «Суретке мұқият қара, барлығы да дұрыс суреттелген бе? Егер суреттердің орны дұрыс орналаспаған болса, қалай орналастыру керектігін айтып беруі» керек. Суретті қарап шығу және тапсырманы орындау 3 минутпен шектеледі Қорытындыны бағалау:
10-8 ұпай–берілген уақыт (3 минут) ішінде барлық 7 қисынсыз жағдайды тауып, олардың себебін түсіндірген балаға қойылады.
4-7 ұпай–бала берілген уақыт ішінде барлық қисынсыз жағдаяттарды тауып, белгілегенімен, 3-4 жағдаяттардың қалай орналасу керектігін түсіндіруге үлгермей қалған жағдайда қойылады.
1-3 ұпай–берілген уақыт ішінде бала қисынсыз 7 жағдаяттың ішінен 14 байқай алмай, оларды түсіндірмеген жағдайда қойылады.
Даму деңгейінің қорытындысы:
8-10 ұпай-жоғары, 4-7 ұпай-орташа, 1-4 ұпай төмен
Зерттелуші оқушы Жоғары Орташа Төмен
Ж.М. +
С.К. +
Ж.М. +
Ж.Қ. +
А.Ж. +
Қорыта келгенде, балалар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Олардың сабақ барысында өздік қоры дамыды. Суреттер арқылы қатесіз және толық сөйлемдер құрай алды. Сөздік қорында зат есім мен етістіктен басқа сөз таптарды қолдануды үйренді. Сабаққа деген қызығушылығы артып, жалпы танымдық қабілеттері дамыды.