
Искакова Б — ҚазИГЗУ магистранты (Д-31 тобы) Ғылыми жетекші – п.ғ.д. Амиргазин Ж.К.
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫН БІТІРУШІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨМІРЛІК
СТРАТЕГИЯ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мамандық тандау іс-әрекет таңдау ретінде мынандай көзқарас қалыптасқан, дұрыс тандауға итермелеуші болып кәсіби қызығушылық немесе кәсіби бағыт болуы тиіс. Әрине, бұл бағыт мамандық тандаушыны субьектісінің белсенді болуына қарай тиімді. Бірақ, кәсіби қызығушылық еңбектің түріне қарай тұлғаның көңіл-күйіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, мамандықты белгілі бір еңбек іс-әрекеті түріне жатқызуға болмайды. Кәсіби қызығушылық мамандық тандаудың негізі деуге де болады.[2]
Біздің көзқарас бойынша, мамандықты тандау жалпы адам өміріндегі маңызды оқиға ретінде қараған дұрыс. Мамандық тандау процесі болса, тұлғаның жалпы «менін»өмір ағының қалыптастыруына қатысып алдағы болашағына жайылып жатыр. Бұл ұстаным мамандық тандауға әсер ететін көп факторларды есепке алуды талап етеді, сонымен қатар, ол уақытша аспектілері болып табылатын – адамның өткен тәжірибелері және болашақтағы елестетулеріне мән беруге итермелейді. Мамандық таңдау факторы ретінде тұлғаның өмірлік жоспарлары мысалы, жеке өміріндегі жоспарлары ескерілуі тиіс.
Тұлғаның өзіндік анықтауы, оның еркі мен ықыласына байланысты емес, бірақ қызығушылықтары мен бейімділігіне сәйкес бағаланатын сыртқы факторларға тәуелді болады. Тұлғаның өзіне құнды бағдар ретінде іштей қабылданған факторлар қағамдық маңызы бар әректтерге итермелеуші ішкі қоздырушы ретінде көрінеді.Сондықтан, басқа іс-әрекет түрлері жатады, тұлғаның кәсіби өзіндік анықтауындағы жетекші ісәрекеті болып құнды бағдарланған іс-әрекеті жатады, ол тұлғаның жүрістұрыс және сана сезімін қоғамның әлеуметтік тапсырмасымен байланыстырады. Өмірлік стратегия — бұл бекітілген бағдарлардың жүйесі. Олар тұлғаны берілген мәдениеттің құндылықтарына көңіл аудартады және тұлғаның өмірлік, мінез-құлықтық таңдауларын анықтайды. Осы стратегияға сүйене отырып, индивид белгілі-бір мінез-құлықты атқарады. Өмірлік стратегияда әрбір адамның қайталанбас өмірлік тәжірибесінің, қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің, әдеттерінің ерекшеліктері жинақталған.
Өмірлік стратегияның табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа мәселелермен тікелей байланысты. Өмірлік құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және өзгерістерге айналып отырады. Бұл жай адам өмірінің түрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Өмірлік құндылық нысаналарының дамуы жеке тұлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз. Шын мәнісінде ұжым құндылықтар бірлігіне біріккен белсенді іс-әрекет нәтижесі арқылы жетеді. Өмірлік құндылықтар бірлігі дегеніміз – іс-әрекет мақсаты және міндеттеріне жетудегі ұжым үшін маңызды адамгершілік және іскерлік аймағындағы позициялардың және бағалаулардың жақындағы.
Сонымен қатар, кәсіби құндылықтарының дамуын зерттеуде студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:
— өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;
— азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;
— өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;
— қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;
— мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;
— тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;
— мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;
— әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын түсіну адекватты болуы.
Кәсіби өзіндік анықтау тұлғаның қызығушылықтары, қажеттіліктері, көзқарастары, бейімділіктерінде көрінетін мамандыққа дегенқұнды бағдарларының жүйесімен сипатталады.Құнды бағдарлар мақсат оятушы рөл атқаруы мүмкін,олар қоғамдық жүйенің кейбір жайларын деген адамның субьективті бейнелеуін қалыптастырады,кәсіби өзіндік анықтаудың әлеуметтік және жеке жайларын жинақтайды.
Ол өмірлік мақсаттарға шығуы тиіс, және де жастарың әр түрлі өмір сфераларындағы бағдары кәсіп таңдаудың жетістіктерінің алғы шарты болып келеді. Сондықтан, кәсіби бағдардың мынандай принципін жүзеге асыру қажет, өмір мағынасынан шығатын, кәсіби өмірлік келешекті қалыптастыру. Осындай ұстаным барысында кәсіби экпентациялау тығырығы және кәсіби таңдау коррекциясы мен ревизиясының тығырығы мәселесі шешіледі.