
Байнукенова М.К. –магистрант ҚазИГЗУ
Ғылыми жетекші-п.ғ.к. Ақжалов Б.Т.
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ
Қазіргі біздің қоғамымыздың дамуы мен өзгерістерінің барысында білім беретін жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау, тәрбиелеуде, оларға білім беруді қайта құру жолында жаңа заманымыздың мұрат – мүддесіне орай психологиялық – педагогикалық ғылым алдында аса жауапты да маңызды міндеттер тұр. Мұндай міндеттерді шешу үшін, мектептердегі, жоғарғы оқү орындарындағы тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту мәселелерін түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Осыған орай істің мәніне ықпал етуші факторларды жан – жақты ескерудің маңызы айрықша.
Жоғарғы оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше. Бұл мәселені зерттеушілерге (А.А.Бодалев, З.Ф.Есарева, Н.Ф.Кузьмина) жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіптік іс – әрекетінің көзі тәрбиелік қарым – қатынас болып табылады. Оқытушылардың студенттермен тәрбиелік қарым – қатынасы нәтижесі студенттің тұтас, жан – жақты әлеуметтік – белсенді тұлға ретінде қалыптасуы, жоғарғы оқу орнын жетістікпен аяқтау мақсатының орындалу дәрежесін анықтайды.
Өзiн-өзi тану психологиялық феноменнiң мазмұнын Р.С. Немов психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра келе, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
· Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы. · Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлар арқылы жүзеге асырылады.
Г.Я.Розеннің айтуынша, өзін-өзі тану әдіснамалық тұрғыдан, өзіне ең жақын болып келетін кең ауқымды мәселелерді қамтитын салаға, яғни адамдардың бірін-бірі тану психологиясына бағынады. Автордың пікірінше, өзін-өзі тану үшін әлеуметтік перцепция аймағында жүзеге асатын процестер мен механизмдер маңызды болып табылады.
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей тұлғаның өзі туралы пікірі, оның өз іс-әрекетін реттеудің маңызды тірегі болады. Адекватты өзіндік бағалау арқылы адамның өз жетістіктерін шынайы бағалауы негізінде өнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттелген.
Өзіндік бағалау — өзіндік сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады. Өзіндік сана сезімдердің қалыптасуы жайлы шет елдік зерттеулерде К. Роджерстің жұмыстары мәнді.
В.Г. Маралов бойынша: өзiн-өзi тану — өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Болашақ маманның өзiн-өзi тануының психологиялық механизмiн А.Маслау тұлғаның құндылық мағыналық өзiндiк реттелуi, өзiнiң барлық жеке дара, типтiк қасиеттерiн, мотивациялық танымдық тұрғыда жетiлдiруi қажеттлігімен түсіндіреді. Өзін-өзі таныту қажеттіліктерін А Маслау «мета» қажеттілік деп атады. Бұған мыналар жатады: өзіндік мүмкіншіліктерді жүзеге асыруға ұмтылу, интеграция, өзін-өзі жетілдіру. Метақажеттліктің сипаты – тұтастыққа, белсенділікке ұмтылу, қарапайымдылыққа – өзіндік жетілдіруге ұмтылу. Өзін-өзі танытудағы жауапты тұлға ретінде ұмтылу тұлғаның жауапкершілік мәні мен маңызын құрайды, сондай ақ бұл үнемі өзін-өзі таныту әрекетіндегі жүзеге асыру қажеттілігі іс-әрекеттегі қажеттілік мазмұны болып табылады. Тұлға үшін іс-әрекет қажеттлігі мен өзін жүзеге асыру қажеттлігі біртұтас болып есептеледі. Ұлы адамдардың өмір баяндарынан мысал келтіре отырып А. Маслау «өзін-өзі таныту, тұлғалардың өз қабілеттерін қолдану қуанышы көбінесе мінез-құлық дәлелі және қажеттіліктерін өзіндегі жоқпен қанағаттандыруға ұмтылатын адамдардың ерекшелігі болып табылады» деп есептейді. Қорыта келе, тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасына сүйенсек, өзiн-өзi танып білу — адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы. Бұл ұмтылыс арқылы тұлға жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ рухани-адамгершілік, тәрбиелік идеяға бағдар көрсететін «Өзіңді-өзің таны!» деген әлеуметтену шыңына жетеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Абульханова К. А. Психология и сознание личности: Проблемы методологии, теории и исследования реальной личности. Избранные психологические труды. –М., 1999. –224 б.
2. Столин В.В. Самосознание личности. – М., 1983.8-70. 2.
3. Лисина М.И. Развитие познавательной активности детей в ходе общение со взрослыми и сверстниками. // Вопросы психологии, 1982. № 4. – 18-55 бб. 3. Спиркин А. Сознание и самосознание. М., 1972. 18 б. 4.
4. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. М., 2002. 31 б
5. Цукерман Т. А., Мастеров Б. М. Психология саморазвития. – М. 1995.