Драмалық шығармаларды оқу

Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.ж.д.б драмалаудың ерекшеліктері
Драмалық шығармаларды оқығанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық туындыда кейіпкер қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл күйі, қимыл қозғалысы автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Қазақ драмасын қаһармандық, саяси әлеуметтік, тарихи ғұмырнамалық (Р.Нұрғали) деп бөлу оның табиғатының түрлілігінен хабар береді.
Драмалық шығармаларды өтерде тәрбиеші балаларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:
— тәрбиеші алдымен өзі оқып көрсетеді;
-балалар рөлдерге бөліп оқиды;
— пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;
-басты кейіпкерлерге мінездеме береді;
— сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.
Көркем шығарманы драмалау — баланың сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, — деген болатын әдебиет зерттеуші — ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Бала көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл — оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол — баланың өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын бала қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Баладағы осы сезімді ояту — тәрбиешінің қолында, яғни, балаға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін тәрбиеші әдебиетті оқыту барысында әдіс — тәсілдерді орнымен қолдану қажет.Ең басты жұмыстардың біріне балалардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім — болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни тәрбиеші осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс — тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Баланың көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *