Ә.Бөкейханов

Ә.Бөкейханов
Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

Әділдік жоқ жұртта береке, бірлік болмайды.

Әр нәрсенің амалын біліп, өз орынан жұмсағанда ғана іс көркейеді.

Адам қызметі кіріспей, қазына толмайды.

Би — түзу, билік әділ болсын.

Адам баласы — нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды!

Дүниеде адам баласы айналып өтпес екі-ақ көпір бар: бірі — өлім, бірі — махаббат.

Керекті жақсы сөздер тозбайды.

Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

Тіршілік — ғұмыр белгісі — алыс-тартыс, арбау-әдіс. Кім шебер болса, жалықпай-тамай ізденсе, бірігіп, тізе қосып әдіс қылса — ғұмыр бәйгесі соныкі.

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу — аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *