Тәрбие арманын түрліше ұғыну

Тәрбие арманын түрліше ұғыну

Жүсіпбек Аймауытов

Бұрынғы, соңғы замандардағы түрлі халықтар тәрбиенің арманын түрліше ұғынған. Олар, көбінесе, өз жұртының, өз мемлекетінің көгеруін көксеп, тәрбиенің арманына да сол көзбен қараған. Мысалы, мысырлықтар тәрбиенің арманы – бағыныштық, парсы жұрты дене күші мен әділдік, спартандықтар – жауынгерлік болу керек деп ұққан.
Енді орыс жұртының тәрбие арманын алсақ, жалпының әйгілігіне құлық түзелу керек деген пікірлер орыс тарихының әрзаманында көтерілген, әлеумет тұрмысына өзгеше бағыт берген. Ерте кездегі орыс әдебиетінің бағыты діншілдік, адамгершілік пікірлерімен толулы. 18 ғасырдан бері орыс жұрты батыс Европа араласа бастаған соң басқа бағыт, басқа арман тауып алған. Сонда да орыстың ең жақсы адамдары ізгілік, қайырымдылық деген пікірді тастай алмаған. 19 ғасырдың аяқ кезінде құлық түзету мақсұты тағы күшейген. Сонымен, орыс жұрты бір емес, әлденеше рет өмірдің адамгершілік жағын өркендету мәселесін қозғаған. Өткен тарихын еске алсақ, орыс әлі де сол мақсұтын көксейді деп айтуға болады. Тәрбие мақсұты, тәрбие арманы туралы толық мағлұмат беру үшін осы заманда майданға қойылып отырған пікірлерді кірістіруді дұрыс көрдік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *