Бір уыс мақта

Бір уыс мақта

Ы.Алтынсарин

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып ақыл айтты:
−Балам, дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, − деді.
Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып далаға тастады:
−Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас, − деп.
Шешесі:
−Балам, сол да жерде қалмайды, −деді.
Осылайша сөйлесіп терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырады, мұны бір торғай көріп, қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті.
Қыз әжесіне:
−Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не қылады? –деп сұрады.
Әжесі айтты:
−Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін: ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамақ етеді, − деді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *