Қой жасы

Қой жасы – қозы жасындағы бала «Он үште – отау иесі» делінген жасқа келісімен, еңбектің бастауыш сатысынан өтіп, кәсібін ауыстырып, қозы бағудан қой бағуға көшкен. Таудың иесі деп келешегінен үлкен үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойлаған емес. Сондықтан он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деп есептеген.
Ал сиыр мен түйеге ие болу кәрі-құртаң шалдардың үлесіне тиген.
Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы дейтіні бір қора қойды қыста суыққа, жазда ыстыққа шыдап, ит-құсқа жегізбей, жоғалтпай бағып-қағу төзімділікті, еңбек сүйгіштікті керек етеді. Мұндай іске он бестегілердің де өте бір қағылездері, төзімділері шыдайды. Бірақ көнбеске шара жоқ. Басқа кәсіп болмаған соң дала тіршілігіне, қой бағуға төселіп, сыннан сүрінбей өткендері жылқы жасына ауысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *