Сөйлесу де берекет

Сөйлесу де берекет

Ф.Гүлен

Негізінде, адамның аузы – бір нәрсені баян ету, сөйлеу ырыс-берекетіне ие, қадір-қасиеті шексіз ғажайып мүше. Бірақ мұндай бір мүше жаман нәрсеге жұмсалғанда, адамды құрдымға апаратын ең зиян құралға айналып, оны шын мәнінде бақытсыздыққа душар етеді. Ауыздың өзгешелігі сол – адам сол арқылы Аллаһты ұлықтап зікір етеді. Жақсылыққа баулып, жамандықтан тыю осы ауызбен жасалады. Адам аузымен әлем кітабын және оның мәңгі аудармасы Құранды оқып, сол оқыған аяттарын басқаларға түсіндіреді. Кейде сенбеген адамды сөздің құдіреті арқылы иманға келтіреді. Осылайша батыс пен шығыс арасындағы барлық нәрседен артық жақсылық сыйына ие болады. Және адам аузымен адамзаттың көгіне шығып, турашылдардың шырқау шыңына өз тағын орнатады.
Бірақ дәл осы ауыз адамның ауыр қасіретке ұшырауына да себеп бола алады. Барлық күпір мен кәпірлікке арқау болатын – осы ауыз. Аллаһқа және Оның ұлы Пайғамбарына тіл тигізу арқылы жасалған күнә, міне осы ауызбен жасалады. Жалған, ғайбат, жала үнемі ауызбен жасалып, адам аузымен Мусәйламаның жалған шұқырына түседі.
Хақ Пайғамбар тек қана бір ауыз сөзбен осы нәрсеге көңіл аударады. Осы сөзде басқа да көптеген айтылмаған ақиқат бар. «Ауызды, орынды жерде қолданыңдар, сонда мен де сендерге жәннатқа кепілдік сөзін берейін», – дейді.
Бұл «ауыздарыңды жауып, бір шетте отырыңдар» дегенді емес, керісінше, сөзді өз орнымен, белгілі бір шектен шықпай пайдаланыңдар дегенді білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *