
Анаға қарсы келу
Ф.Гүлен
Аналарға қарсы келуді «уқуқ-у уммәһат» сөзімен берген. Бейне бір анасына қарсы бас көтерген бала онымен арасындағы барлық құқықтық қарым-қатынасын үзіп, оны жападан жалғыз тастайтын секілді мағынаны ескерткендей. Әкеге қарсы келу де дәл осы тәрізді харам болса да, тек қана ананың айтылуы, әйелдердің қамқорлыққа мұқтаждығы мен кейбір әлсіздіктері, сонымен бірге мейірімділік жағынан еркектен жоғары тұруы және де осы жаратылыстарындағы нәзіктігі үшін оған кішкене нәрсе де ауыр тиіп, тез көңіліне алуларынан деп айтуға болады. Сонымен қатар, бұл сөз арқылы ананың ие болған құқына ие болу тұрғысынан, әкеге көрсетілген қарсылықтың да қарсылық екенін, бірақ анаға деген қарсылық әкеге деген қарсылықтан әлдеқайда үлкен екенін ескертеді.