
Жас отауға
Қосылып тұрған қос ұлан,
Игілікті, алаулы болыңдар.
Халыққа қалаулы болыңдар.
Өмір бойы біріңді-бірің
Жамандыққа қимаңдар.
Мейірбанды махаббатпен,
Үлкендерді сыйлаңдар!
Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де, нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйіңде
Балаларың көп болсын!
***
Өмір берсең, жайлы қып бер,
Дәулет берсең, сайлы қып бер.
Бау берсең, миуалы қып бер,
Келін берсең, ибалы қып бер.
Қара ниет батырдан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Атаның әруағын жақта,
Ананың ақ сүтін ақта!
***
Уа, отау иесі,
Қолдасын Тәңір киесі.
Инабатың игілікке бастасын,
Пейілің жамандыққа баспасын!
Босағаң берік болсын,
Қосағың жерік болсын.
Көңілің ашық болсын,
Өмірің нәсіп болсын!