АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ ЖЫНЫН ШАҚЫРҒАНЫ

АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ ЖЫНЫН ШАҚЫРҒАНЫ
—Ай, ақбурам, ақбурам, Екі өркешің аспанда, Жер солқылдар басқанда. Қара асаукер, асаукер, Бұлғақтамай, жылдам кел!
Жер жүзіндегі әулие-ай,
Күн көзіндегі әулие-ай,
Мәшрүптегі әулие-ай,
Мағырыптағы әулие-ай,
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба,
Сексен сегіз серуер Алдына дабыл төңкерген, Артына сауыт бөктерген. Алтайыдан бөркі бар, Әрне қылса еркі бар. Алпыс екі нөкерім, Бермен қарай төңкеріл! Көз бен белім—көзелім, Бөтен емес, өз елім. Тоқсан тоғыз машайық, Бәрінен медет тіледім!
Қойқаптағы әулие,
Баба-ай Түкті шашты Әзиз
Шәмбіл белден су ішіп,
Қойқаптан әрі жерлерің Жатырмысың, ерлерім!
Мекедегі әулие,
Мәдинедегі әулие,
Хан Шыңғыс та әулие,
Өгіз таудың басында Өгіз әулие,
Қошқар таудың басында Қошқар әулие,
Таудағы бұланың,
Іштен шыққан айдаһар жыланың.
Ойдан келген он бөрі,
Сол бөрінің ішінде
Алты ауызды көк бөрі,
Көкжендет көлінде, бай елінде,
Қызыл таудың басында қыз әулие,
Баянауыл басында Қоңыр әулие,
Жұмабайдың баласы Кесер кеуде Көк қабан, Жын ішінде, сен жаман!
Алтайдан келген алтауым,
Шабдар атты кемеңгер,
Елден келген екеуім,
Желден келген жетеуім,
Елден келген Ақәзіл,
Шаңдатпастан келген Шаңдыаяқ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *