
Кәсіпорынды басқарудағы функционалдылық принциптер
Кәсіпорынды басқару үшін басқарудың функционалдық принципін қолдану.Кәсіпорынды басқару есебінің күрделілігі оның өлшемін азайту мен түрлі иерархиялық дәрежеге бөлінуіне қарамастан, барлық басқару жүйесін дәрежесіне, типіне , ішкіжүйелеріне қарамастан функционалды белгілері бойынша бөлуді қажет етеді. Төмендегі басқарудың негізгі функцияларын орындау үшін, БАЖ- нің құрамында арнайы ішкіжүйе қарастырылады:
а) кәсіпорынның оптималды өндірістік программасын құру және өндірістік программаны жоспарлау этаптары бойынша бөлу;
б) өнім шығарудың, жұмысты жоспарлаудың, құрылғыларды жүктеудің, өндірістік тапсырмаларды рәсімдеудің күнтізбелік жоспарын құру;
в) шикізатты жеткізудің және дайын өнімді әкетудің оптималды графигін таңдау, үнемдеуге негізделген қор дәрежесін анықтау ;
г) құрылғыларды жөндеудің оптималды нұсқасын таңдау;
д) өндірілген өнімге деген сұранысты болжау және т.б.
Осы өндірістік функцияларды жүзеге асыратын ішкіжүйелердің жиыны кез келген дәрежедегі БАЖ-нің ф у н к ц и о н а л д ы бөлігін құрайды. Өндірістік — шаруашылық қызметтегі кәсіпорынның күрделілігі, оған әсер ететін, басқару операторларымен шешім қабылдауда түрленбеген процедуралардың бар болу факторларының көптүрлілігінде, кері әсер ететін немесе кейінге қалдыру кездейсоқ сипаттамалары – мұның бәрі кәсіпорынды басқару жүйесінің бірыңғай моделін құруда біршама қиындықтарға әкеп соғады. Мұндай қиындықтарды БАЖ функционалды ішкіжүйелерінің өзара байланысқан моделдер комплексін құру арқылы жеңуге болады. Кез келген ішкіжүйе тек нақты бір объектіні ғана басқарады. Басқару объектісі мен моделінің жағдайы туралы жиналған ақпараттан ішкіжүйенің басқарушы бөлігі басқаруға әсер етулерді өндіреді.
БАЖ-нің функционалды типтік ішкіжүйелері болып:
а) кәсіпорынның техникалық дайындығын басқару ;
б) техникалық-экономикалық жоспарлау ;
в) негізгі және көмекші кәсіпорындарды жылдам басқару;
г) басқаруды материалды-техникалық қамсыздандыру;
д) кәсіпорынды қаржылық — өтімдік қызметтері бойынша басқару және т.б .
БАЖ-н құрудың көпдәрежелі және көпфункционалды принципінің өз жетістіктері мен өз кемшіліктері бар: дәрежесі және функционалды белгілері бойынша басқарудың жетістігі, басқару есебі өлшемінің жылдам азаюы; бір дәреженің, бір функционалды тағайындаудың жүйесі басқару қызметкері (басқарушы) үшін «көз жетерлік» болып табылады, кемшілігі шешім қабылдау үшін келіп түскен ақпарат ағыны көп болғанда басқару құрылымы қарама-қайшылықтар тудырады (ішкіжүйелердің локальді мақсаттары кәсіпорынды басқару мақсаттарының барлығына қарсы келеді немесе бір ішкіжүйенің және дәреженің мақсаттары басқа дәрежелер мен ішкіжүйелердің мақсаттарына қарсы келеді).
Басқару функцияларының БАЖ техникалық құралдары мен басқарушы қызметкерлер арасында рационалды бөлінуі. Кез келген ішкіжүйедегі оперативті басқару этаптарын басқару процесінің кибернетикалық моделінде қарастыруға болады(10-сурет )
Нақты орындаушыға қатыссыз, басқару процесінде орындалатын келесі қажетті жұмыс этаптары (операторлар) сызбада сандармен көрсетілген
1— басқару объектісінің жағдайы және оның шешім қабылдайтын органға берілуі туралы ағымдағы ақпараттар (берілгендер ) жиыны;
2— берілгендерді алғашқы өңдеу, сорттау, топтау және талдау ( берілгендер модификациясы);
3 — бұл этаптың орындалуы екі түрде болуы мүмкін: За — өндірістік процестің оперативті сипаттамасының есеп — қисаптары; 36 — өндірістік процестің соңғы (фактілі) көрсеткіштерінің. За жағдайындағыдай 36 жағдайында да есептеу жүргізу үшін сызбада 10 блокпен берілген нормативті білу қажет.
4— жүйенің материалды ағымындағы енгізу (шикізат) және шығару (өндірілетін өнім немесе қызмет көрсету) элементтерінің шығындарының фактілі, нормативті және жоспарлы дәрежелерін бар кідірістердің пайда болуымен салыстыру.
Бұл этаптан соң шешім шығаруға дайындық этабы бітеді. Бұл этапта реттеудің «тіреу» дәрежесі ретінде жоспарлы есептер туралы білу қажет (блок 11);
1. — Кідірістің маңыздылығын бағалау. Кідірісті бағалау әрдайым бірдей бола бермейді. Ол көп жағдайда шешім қабылдаушы басқару қызметкерлерінің мамандануына, тәжірибесіне байланысты болады. Бұрынғы тәжірибелерді есепке алу қажеттілігі сызбада 12 блокпен көрсетілген;
2. — объектіні функционалдаудың құрылған моделі негізінде шешімді немесе шешімдер нұсқасын есептеу;
3. — шешім қабылдау (бірнеше ұсынылған нұсқалардың арасынан оптималдысын таңдау);
8— шешімдерді құжаттау яғни, берілген кәсіпорында формасы енгізілген құжат түрінде рәсімдеу;
9 — шешімді орындаушыға жеткізу және шешімді орындау, яғни, басқару объектісіне әсер ету. Мұндай әсер ету салдарынан объектінің жағдайы өзгереді, сонымен қатар объект туралы ағымдағы ақпарат та өзгереді, сол себептен объектіге қайта жаңадан әсер ету қажет болады.
Сөйтіп, объектіге тек басқарушы әсер етулер ғана емес, сонымен қатар ішкі кері әсер ететін факторлар әсер ететін болғандықтан, сондай — ақ объектінің өзі семантикалық элемент болып табылмайтындықтан қарастырылған сызбадағы басқару процесі динамикада болады және ол уақыт өтуіне қатысты өзгереді, сондықтан мұндай сызбалар басқару процесінің кибернетикалық моделі деп аталады.
Сызбаны автоматтау мүмкіндігі көзқарасымен қарастырудан, 1, 2, 3, 4, 8 этаптар (операторлар) адамның шығармашылық қатысуын талап етпейді және салыстырмалы түрде жеңіл автоматтандырылған механикалық операцияларды көптеп қажет етеді, яғни, БАЖ-нің техникалық және программалық құралдары көмегімен орындалады. Мысалы, шешімді құжаттау ЭЕМ құрамындағы алфавиттік — сандық баспа құралы(АСБҚ) көмегімен орындалады, бірақ баспа кәсіпорында бекітілген қарапайым құжат формасында болуы мүмкін. Ағымдағы ақпаратты жинау адамның көмегінсіз, кәсіпорынның арнайы датчиктері, тіркеуіштерінің көмегімен жүзеге асуы мүмкін.
5, 6, 7 этаптардың орындалуы басқару процесінде бұл этаптарды орындаушы адамның мамандану дәрежесіне байланысты. Қазіргі кезде бұл этаптарды қиындықпен түрлендіреді. Ал, 7 этап шешімді бекіту этабы болғандықтан адамның көмегінсіз мүлде орындала алмайды. Сондықтан адамдарды басқару сферасынан ығыстыру қажет емес, тек басқару функцияларын БАЖ-нің басқарушы қызметкерлері мен техникалық құралдарына бөліп беру қажет. Бұл адам — операторды барлық механикалық операциялардан құтқарады да, басқару процесіндегі шығармашылық функцияларды ойластыруға мүмкіндік береді.
Қарастырылған басқарудың кибернетикалық моделінен БАЖ-нің құрылымы мен классификациясы бойынша бірнеше қосымша шығарулар шығады:
1. БАЖ басқару сызбасының жекеленген этабының механизациялау және автоматтандырылу дәрежесіне қарап, төмендегідей классификациялауға болады
Тіркеуші жүйелер- мұнда тек 1 және 2 этаптар ғана автоматтандырылған. Жекеленген ішкікласқа басқару жүйесінде автоматтандырылған карточка, каталог, берілгендер банкі функциясын орындайтын, басқарушы қызметкерге анықтама беруге арналған БАЖ-нің ақпаратты — іздеуші типін жатқызуға болады. Мұндай жүйелерге теміржол билеттерін сату, авиа билеттерді сатуды басқарушы жүйелер жатады.
Ақпараттық — кеңес беруші жүйе – 1-4 этаптары автоматтандырылған және 5-6 этаптары біраз автоматтандырылған. Мұндай жүйелер оперативті құрамға қарастырылып отырған жағдайдағы шешімдер терілімін беруді қамтамасыз етеді, сонымен оперативті құрылым жүзеге асыру үшін шешімдер терілімі ішінен біреуін таңдай алады немесе ағымдағы берілгендері өзгертілген жаңа шешімдер терілімін талап ете алады;
Реттеуші жүйелер , бұл толық түрдегі басқарудың кибернетикалық моделін жүзеге асыратын, адам — машиналық басқару жүйесі;
БАЖ басқарудың тұйықталған динамикалық жүйесі болып табылады. Оның жұмысының сапасы тек ағымдағы ақпараттың сапасымен нақтылығына ғана байланысты емес, сонымен қатар басқарушы элементке келіп түсетін ақпараттың уақыт бойынша кідірісі мен шешімді орындаушыға жіберудегі кідіріске де байланысты.
Берілгендердің уақытында түспеуінен кешіктірілген дұрыс емес шешімнің шығуы және жүйе жұмысын сәйкесінше төмендетуі мүмкін.
1. Ұсынылған сызбадан басқару жүйесін жүзеге асыру үшін БАЖ келесі құрылымдардан тұруы керек:
1. Шеттетілген құралдар ( объектінің жағдайын тіркеушілер);
2. Ақпаратты сақтау құрылғысы (жад );
3. Есептеуші бөлігі (2-6 операторларды автоматтауға арналған);
4. Құжаттау құралдары және басқару операторымен ақпаратты оперативті бейнелеу;
5. Басқару жүйесінің оперативті қызметкерлері.
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.
2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. — М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.