«Қаракесек» деп атанудың мәнісі

«Қаракесек» деп атанудың мәнісі
(ІV нұсқа)
Қадірқожа ырсиған жарлы, қу кедей болып өседі. Кедейлі гінің үстіне, бір жылдары Қадірқожаның үй-жайы, қорақопсысы дымы қалмай өртеніп кетеді. орнында тек бұрқыраған қара күлі мен күйген қара кесегі ғана қалады. Қара кесегі шығып, күлі бұрқырап ұшып жатқан қора-қопсының орнын көріп, қазымыр, күншіл адамдар: «Жарлылықтан ыңғыршағы айналып отырған Қадірқожа сорлыға, жаман лашығы да, көне бақтық қарасы да бұйырмай өртеніп кетіп, қасқаның қара кесегі ғана қалған екен ғой деп кекетіп, мұқатып табалаудан келіп «Қаракесек» атанып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *