ШЕКТІ РУЫ

ШЕКТІ РУЫ
Шекті
(І нұсқа)
Әлім, оның баласы Жаманақ мал біткен адамдар болыпты. үйір-үйір жылқыны бір-бірлеп ұстап, оларға жеке-жеке таңба басуды қиынсынып, өтіп бара жатқан таңбасыз жылқының санына қайнап тұрған май шашады екен. ыстық май жылқының терісін күйдіріп, түгін сыдырып, сорғалай ағады. Кейін, жылқының май күйдірген жеріне шектей шұбатылған тыртық таңба пайда болады. Жаманақтың «Шекті» аталуы осыдан еді дейді.
[Жаманақтың «Шекті» аталуы]
(ІІ нұсқа)
Әлім атамыз малы көп бай болыпты дейді. Қаратау мен ұлытау ортасында, Айыртау маңындағы жайлауда отырған екен. Бір күні Әлім атамыз үш баласын—Жаманақ, Қарамашақ, ұланақты шақырып жинап алып: «Кәне, мініп жүрген атта рыңа әрқайсыларың өз таңбаларыңды басыңдар, кейін осы таңбаны өздеріңе тиісті малдарыңа, жылқыларыңа басыңдар!»— депті. Сонда Әлімнің үлкен ұлы Жаманақ атының екі танауын тіліп, атының сауырына қос шек таңба салыпты. Мұны көріп тұрған Әлім: «Балам, Сауырлы ел боларсың»,—деген екен дейді. Сөйтіп, кейін Жаманақ барлық малдарына осы «Шек» таңбасын салғызыпты. Далада жайылымда жайылып жүрген көп малдың «Шек» таңбасын көріп, басқа жұрттар: «Мына жатқан «Шек» таңбалы малдар Жаманақ ағамыздың малы, ағаның малына тимеңдер!»—деп айтып жүріпті. Міне, осыдан Шек—Шекті атауы елге таралып, Жаманақтың ұрпақтары кейін «Шекті елі» деп аталып кетіпті.
 Жаманақ руының «Шекті» деп атануының мәнісі
(ІІІ нұсқа)
Жаманақ аулының бір күні үлкен асы болады. Асқа Әлім әулетінің барлық аталықтары қатысады. Асқа сойылған қыруар малдың ішек-қарнына жаманақтың балалары өзара таласып, төбелеседі. Төбелес үлкенге кетеді. Ақыры төбелес басылма ған соң араға ақсақалдар түсіп, төбелесті басады. Төбелесті басқан ақсақалдар, төбелестің басталған оқиғасын сұраса, төбелестің басы—ішек пен қарыннан шыққаны анықталады. осыдан бас тап жаманақтың тұқымын «ішекке төбелескен ішекті—деп аталып кетіп еді» деп баяндайды шежіреші қариялар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *