Нұрдан жаралған Адай
(І нұсқа)
Кіші жүздің Жанарыстың Алауынан өрбіген Алшынның ішінде Қыдыр деген бай болыпты. Қыдырдың байлығында қисап болмаған соң, жұрт оны «Бай» деп атайды екен. Сол әдетпен Қыдырдан тараған ұрпақ «Байұлы» деп аталып еді дейді.
Байдың (Қыдырдың) Жанби, ұлжан есімді екі әйелі болса керек. Жанбиінен туған Қанбибі жақын құрбыларымен сейіл құрып сыртқа шығады. Табиғаттың толыса құлпырған кезі болса керек, сейіл-серуен құрған қыз-келіншек бір гүл-құра ғы жайқалған бұлақ басына келіп дамыл алады. Сол жерде Қанбибінің көзі ілініп кеткен екен, әлде неден тұла бойы шымырлай балқып, оянып кетеді. Көзін ашып байқаса, көктен сулап құйылған нұр іші-бауырын елжіретіп, тұла бойын балқытып жатыр екен дейді. осы нұрдан Қанбибінің бойына перзент бітіп, ай-күні тол ған соң босанады. Жай босанбайды, бойына әкесіз бала біткен соң, жасырын босанады да, баланы құндақтап, қыр астына апа рып тастайды.
Ертеңінде серуендеп түзге шыққан Бай жылап жатқан құндақтаулы балаға тап болады. Баланы үйге алып келіп, Әспенбет деген көріпкелді шақырады. Әспенбет баланы көріп: «Атыңды шығарар арысың осы болар!»—деп, батасын береді. Бұған қуанған Бай ұлан-асыр той жасап, баланың атын Адай деп қояды.
Бұл кезде Байдың әйелі ұлжанның Таз деген баласы емшекте екен. ұлжан Адайды да бауырына алып, Таз екеуін бірге емізіп өсіреді