Адай мен Таздың туысқан болуы

Адай мен Таздың туысқан болуы
(ІІ нұсқа)
Темір—ұлы жүздің батыры. ол сол елдегі әділетсіз хандардың бірін өлтіріп, қашып келіп, Кіші жүздегі Қыдырқожаға келіп паналайды. Шамасы, Қыдырқожаның мейілінше әділ, қайырымдылығын пана тұтса керек. Темір келген соң Қыдырқожаға жасырмай, бар шынын айтады.
Сонда Қыдырқожа:
—өзіңе-өзің сыйсаң, маған да сиярсың.
Сені мен қусам, қайдан пана табарсың?
Табарсың да барарсың,
Айналып бір қарарсың,
Қасиетімді қайдан табарсың?!— деген екен.
Темір де: «Паналатсам, әділ бол деп тұр-ау?!»—деп түсініп, осы Қыдырқожаның қолында қалып қалды.
Қыдырқожа айдаса жаудікі, ысқырса желдікі болып жүрген көп жылқысының билігін Темірге беріп, басқартып қояды. Ал Қыдырқожаның қызы жүкті болып қалады да, босанып, әке-шешесіне білдірмей, баласын Қыдырқожаның төбе басына шығар жолына құндақтап, тастап кетеді.
Баланы тауып алған Қыдырқожа әйеліне әкеліп: «ұл бала ғой, аман сақтап өсір!»—дейді. Бәйбіше баланы Таз деген баласына беріп: «тәрбиелеп өсір» деп аманат етеді. Таз баланың атын Адай қояды. Таз да қолға келген кірме бала екен, Қыдырқожа оны да асырап алған. Таз баланы Адай деп ат қойып, іні етіп өсірген. «Адай мен Тазбыз, үйрек пен қазбыз» деп мақтанады екен олар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *