«Кете» атанғаны
(І нұсқа)
Байсары бір соғыста қолға түсіп қаза табады да, Кетебикені Әлім алады. ол Әлімнен Тойқожаны туады. Әлім қайтыс болған соң, Кетебикені Шөмен алып, одан Түменқожа туады. Қаракесектің үш баласының Кетебикеден өрбіген тұқымдары шешесін төңіректеп жүріп, өздері оның атымен «Кете» атанған екен дейді.
Құлыс
Сайдан (Сәбден) бір балалы (ожырай) болғаннан кейін қайтыс болып кетіпті дейді. оның әйелі Қараға некелейміз десе, Қара көнбей, алмапты. Адамқожа әкесінің айтқанын қылмапты. Сонымен ол жесірді Сарыға некелеп, онан Асан мен Жанбақты туыпты. Бірде Сары би бір тойға бара жатып, жолдан көштен түсіп қалған бір бала тауып алыпты дейді. Баладан:
—Атың кім?—десе:
—Құлыс,—депті.
үстіндегі белгісін—меңін көріп біліп, бала етіп алуға оны-
мен келісіп, сол барған тойда жар шақырып, баланың белгісін айтып, жиналған жұртқа жария етіп, сүйіншісіне бір құла тай атап, баланы бұрын жоғалтып, енді тауып алып тұрғанына жұртты сендіріп, ауылына алып келіпті. Ауылына келген соң той жасап, балаға Құлсын деп ат қойыпты дейді.
[«Кете» руының қалыптасуы]
(ІІ нұсқа)
Байсары өлгеннен кейін Кетебике шешеміз екіқабат болып қалып, бір ұл туады. Әлім атамыз ұлдың атын «Тегіннен келген бала» деп, Тегінболат қойып, Кетебикені өзіне некелеп алып, Тегінболатты бала қылып алады.
Кетебике Әлімнен бір ұл—Тойқожа туады. онан кейін Әлім Құба деген шешемізді қыздай алады. Кетебике Әлім өлгесін Шөменге тиіп кетеді, Бозанша мен Тойқожа, Тегінболат Әлімнің қолында қалады. Шөменге тигеннен кейін Кетебике тағы да бір ұл—Түменқожаны туады. Сонымен Байсарыдан туған Бозаншаның, Әлімнен туған Тойқожаның және Шөменнен туған Түменқожаның ұрпақтары Кетебикенің атымен атап, «Біз Кетебикеден туғанбыз» деп жүріп, «Кете» руы аталып кеткен екен дейді.
[Қара Кете]
…Шуақ бала жігіт кезінде еліне симай келіп, Әлімнің Жақайымынан Асан тайпасының ішіне келіп, Тәжібай деген атамыздың қолында іні болып, үш жылдай жүрген екен. Сонан Тәжібайдың әйеліне Шуақ құлаққағыс жасап, келіншек алғысы келгенін, өз алдына үй болғысы келгенін айтыпты. Әжеміз мұны Тәжібай атамызға айтып білдіреді. ол үлкен ақсақалдарды жинап: «отырған Қанша қызды оған қос!»—деп ақыл беріпті. Сонымен Қаншаны Шуаққа қосып, өз алдына бір үй етіп, алдына мал салып, Ізбас Асан Тәңірбергеннің ұрпақтарымен еншілес етіп, қасына көшіріп қондырыпты. Ізбасы ішіндегі «Қаракете» атанған дейді. Шуақтың ұрпақтары Жақайымның Асан тайпасына жиен болады.
304. Кетелер туралы
(ІІІ нұсқа)
Ауызекі шежіреде Құдиярдың үлкен баласы Қайырбайдың жарлы болғаны айтылады. оның Қаракесек атануы да осы кедейлігіне байланысты таңылған атау ретінде байыпталады.
Қаракесектің бәйбішесінен Байсары туады. Әйелі көп ұзамай қайтыс боп кеткесін, қайын атасы Қаракесекке екінші қызын да қосады. одан Әлім, Шөмен туады. Байсарыдан— Бозаншар, Майлыбай деген екі бала. Майлыбайдан ұрпақ болмайды да, Байсарыдан Кете әулеті тарайды. оның Кете атануы Байсарының Кетебике деген әйелінің атына қатысты делінеді. Байсары бір соғыста қолға түсіп қаза табады да, Кетебикені Әлім алады. ол Әлімнен Тойқожаны туады. Әлім қайтыс болған соң Кетебикені Шөмен алып, одан Түменқожа туады. Қаракескетің үш баласының Кетебикеден өрбіген тұқымдары шешесін төңіректеп жүріп, өздері оның атымен «Кете» атанған екен дейді. Бозаншар мен Түменқожа ұрпақтары «ожырайкете», «Қаракете», ал Тойқожа тұқымдары «Ақкете» аталады.
[Үш Кете және Майлыбай]
Байсары баласы Майлыбаймен бірге соғыста қолға түсіп, өледі. (Жемнің аяғы Құлсары деген солтүстік шығыста 15 шақырымдай жерде «Бақашы әулие» деген қорым бар. «Бақашы» деп отырғанымыз—Байсары атамыз). Әжібай бастаған батырлар қазіргі Батыс Қазақстан делініп жүрген аймақты қалмақтардан тазарту кезінде жорыққа шығарда, ең әуелі Байсары әулиенің басына келіп тәу ететін көрінеді. Ал «Ақтабан шұбырынды…» жылдары Қаратауға ауып кеткен елді алғаш ата қонысқа бастап келушілер: Адай Есек батыр, Шотан, Шектіден—Сәңкібай, Беріштен—Есболай, Тамадан—Есет, Та быннан Бөкенбай батырлар екен. олар Жем, Сағыз, ойыл, Қиыл бойына келгенде Әжібай би бастап келіп, алдымен Байсары қорымына тәу етеді. Қазіргі Жылой ауданының орнында үлкен көл болған көрінеді.
Көл жағасында бір бір лашық тұрады. Батырлар лашыққа келсе, Бадамша есімді кемпір отқа бақа қақтап жеп отыр екен. Сұрастыра келе кемпірдің жасы 100-ден асып кеткенін, бала кезінде қалмақтардың осы араны басып алғанын, осы Бай са рының айналасы қазақ пен қалмақтың тоқайласып бітімге келетін, не жауласатын нүктесі болғанын айтады. Жүрер алдында Бадамша әжей Әжібай бастаған топқа: «Әлімнің Құлсары батыры осы жерді азат ету кезінде шейіт болып еді. Сендерге со ның ерлігі мен топырақ жасын берсін!»—деп ақ батасын береді.
Бадамша әже дүниеден озғанда Байсары әулиенің қорымына жерленеді. Кете Арал батыр да осында, жасы 100-ге келгенде Әжібай би де дүниеден озғанда осы Байсары қорымына жерленеді.
Бозаншар әкесінен жастай қалып, Әлімнің тәрбиесінде болады. Бірақ Әлімнің төрт баласы мұны шетқақпай жасай береді. оны шешесі Кетебике сезіп, біліп жүреді. осыған намыстан ған
Бозаншар бір үйір жылқыны айдап, Сыр бойындағы Шөмен
21-85
ағасының ауылына келеді. Шөмен шаруа кісі болыпты. Біраз уақыттан кейін Бозаншарды үйлендіріп, отау етеді, алдына мал салады.
Бозаншардан Адамқожа, Төменқожа—екі бала туады. Адамқожадан—Сарыкете (ожырай), Төменқожадан Қаракете, Томпақкете туады. өз алдына ауыл болып отырады. Бозаншар Әлімнен туған інілерін өзіне тартып, Кете ауылы атануына күш салып, Шөменмен қоныстас бөлек ауыл болып отыруды арман етеді. оны анасы Кетебике мақұлдап, батасын береді. Тойқожаны екеулеп үгіттейді. «Жастайынан жау қолында қаза болған ағаң Майлыбайды ұран етіңдер, ен-таңбаларын белгілеп, әзірше Кете ауылы болып, отырыңдар! Жүре-бара ұлан-байтақ ел болып кетерсіңдер,—деп анасы батасын береді.
Тойқожа (Ақкете) інісі Тегінболатқа әуелі қыз алмадың, бірден Айнықтың қатынан алдың»,—деп реніш жасап, Бозаншардың ауылына көшіп кетеді анасының өсиетін орындау мақсатымен.
Бозаншар Адамқожадан туған баласы Сарыға, Төменқожадан туған баласы Қараға, Томпақкетеге енші береді. Сарыға енші аздау тие ма, әлде басқа ма, ол еншіге өкпелеп, разы болмай ожырайып бөлек отырады. өкпесі ұзаққа созыла ма, «Мына ожырайып отырған кім? деп сұраушылар көбейеді. Содан бірте-бірте Сары аты ұмытылып, «ожырай» атанып кетіпті деген сөз бар. Сонымен Бозаншарға анасының батасын Алла тағала қабыл етіп, ожырай (Сары) кете 6 арыс, Қара кете 4 арыс, Ақкете (Тойқожа) 10 арыс (Барлығы) 20 арыс Кете өсіп-өнеді. үш Кетенің ұраны—«Майлыбай». 